Ұлттық кеңес аясында 7 заң қабылданды - Қарин
2020 ж. 22 қазан
1177
0
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында баяндады, - деп хабарлайды baq.kz.
Мамыр айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысынан кейін кеңес шеңберінде бірнеше бағытта ауқымды жұмыс жүргізілді. Ең алдымен хатшылық тарапынан Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің аясында айтылған бастамаларын тиісті түрде жүзеге асыру бақылауға алынды. Екінші отырыста жарияланған саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалар пакеттерін жүзеге асырылуы ерекше назарға алынды, - деді Президенттің көмекшісі.
Сонымен қатар Ерлан Қарин Ұлттық кеңес аясында 7 заң қабылданғанын айтты.
- Бүгінгі күні Ұлттық кеңестің аясында жарияланған саяси реформалар пакеті толық іске асып, мамыр-маусым айларында 7 заң қабылданған болатын. Бұл заңдар көппартиялы жүйенің дамуына, саяси партиялардың мәртебесінің артуына, жастар мен әйелдердің өкілетті билік органдарына белсенді тартылуына, адам құқығын қорғауына септігін тигізеді, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар қазіргі күні хатшылық экономикалық-әлеуметтік реформалар пакетін жүзеге асырылуын бақылауда ұстауда.
- Осы жылы 2 қазанда Сенатқа ҚР-ның заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін 10-нан 20-ға дейін ұлғайтуды қарастыратын заң жобасы енгізілді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау мерзімін мәжбүрлеп қайтару үшін 2 жылдан 1 жылға қысқарту нормасын қамтитын заң жобасы жыл соңына дейін Мәжіліс қарауына өткізу жоспарда бар, - деді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңес отырысында.
Сондай-ақ көлік иелеріне жүргізуші куәлігін талап етпейтін тек қана жеке куәлікті қолдану мүмкіндіктерін қарастыратын жол жүру нормалары бойынша Заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылды.
Ұлттық кеңестің үшінші отырысында білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіру бойынша ұсынылған бастамаларының біраз бөлігі жүзеге асырылды. Атап айтқанда, педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсуші үміткерлер үшін іріктеу талаптары күшейтілді. Осы бағытта білім алатын бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 60%-ке, докторанттардың шәкіртақысы 46%-ке ұлғайды.
2019 жылмен салыстырған ЖОО-лардағы профессорлық оқытушылық құрамның жалақысы 27%-ке өсті, - деп баяндады Ерлан Қарин.
Президент көмекшісі айтқандай, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен құзыреттілігінің кеңеюін қамтитын «Халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекс қабылданды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды. «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңның жобасы әзірленді.
Жаңа ұсыныстарды қалыптастыру жан-жақты талқылау мақсатында мемлекеттік органдар мен Ұлттық кеңес мүшелерінің арасында өзара әрекет ету күшейтілді.
Осыған байланысты жаңа онлайн форматта Ұлттық кеңес мүшелері мен Цифрлық даму және инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен, БҒМ министрі Асхат Аймағамбетовпен, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен, Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрі Біржан Нұрымбетовпен, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесулер өткізілді. Жалпы алғанда осыған ұқсас 8 талқылау мен кездесу өткізілді, - деді ол.
Бекітілген кестеге сәйкес жыл соңына дейін басқа министрлермен кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Аталған жұмыстың бәрі Ұлттық кеңестің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.