Тұяқбай Әбілев пен Қосановты ЖСДП-дан шығарып тастады…

6
2135

Оппозицияшыл саясаткер Жармахан Тұяқбайдың Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Болат Әбілев және Әміржан Қосанов бастаған топпен ат құйрығын кесісті. Себебі, олар  партиялық қызметке ат салыспай қоюымен қоса партияның жаңа Бағдарламасын жасауға да қол ұштарын бермеген. Және олардың не істеп жүргені түсініксіз, қайда жүргені белгісіз – партияға ат ізін салмай арадағы байланысты толықтай үзіпті. Осыған орай ЖСДП партиясының саяси кеңесі арнайы қаулы қабылдады. Онда Болат Әбілев пен Әміржан Қосанов бастаған топтың ЖСДП партиясының атын жамылуын қасақана тоқтатпай жатқаны, олардың бұл әрекеті ЖСДП партиясының  құқықтық  ұстанымдарына және партияның мызғымас бірлігіне қауіп төндіріп, қатты нұқсан келтіріп жатқаны айтылған.

Төменде партия кеңесінің қаулысын толығымен жариялап отырмыз.

«S»

ЖСДП САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында  ЖСДП партиясының облыстық бөлімшелерінде өткізілген басқосуларда біздің партияның көптеген мүшелері  бүгінгі таңдағы ЖСДП мен «Азат» партиясының құқықтық мәртебесі  төңірегіндегі өз ойларын ашық білдірді.

Осыған байланысты Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Саяси Кеңесі төмендегі жағдайларға жан-жақтылы тоқталады.

ЖСДП өзі дүниеге келген күннен бастап, еліміздің өмірінде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси жұмыстарда қоғамдағы демократиялық күштерді маңына топтастыра алатын және өзін  авторитарлық билікке қарсы қоя алатын күш екенін дәлелдеп келеді. Билік біздің сайлау алды блоктар құруымызға жол бермес үшін  небір кедергілер жасағанына да қарамастан, біз осы тығырықтан шығудың жолдарын қарастырдық. Мәселен, ЖСДП 2009 жылдың 24-қазанында өткен 6-Құрылтайында «Азат»  демократиялық партиясының Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясымен бірігуі жөніндегі олардың талабына сәйкес партия Жарғысына өзгерістер енгізген еді. Атап айтқанда, біріккен партияға тең төрағалар мен бас хатшы лауазымын бекіту жөнінде ұсыныстар түскен болатын.

Осыған байланысты:

-Қазақстанның Әділет министірлігі ұзаққа созылған әуре-сарсаңнан кейін «Азат» демократиялық партиясын тарату туралы шешім қабылдамай, оны партия ретінде ғана орнында қалдырып, ешқандай қауқары жоқ саяси партияның өмір сүре беруін қолдаған сыңай танытты.

-Осыған байланысты әділет органы 2011 жылдың сәуірінде «ЖСДП» республикалық қоғамдық бірлестігін «ЖСДП Азат» деп қайта  тіркеуден бас тартты.

-Онсыз да қиын жағдайда жұмыс істеп жатқан біздің ЖСДП партиясы теңтөрағалар лауазымын енгізу арқылы  жұмыс тиімділігін төмендетіп алды.  Бұл арада әлемдегі Социалистік Интернационалға кіретін 160 партияның бірде-біріне тең төрағалар институты енгізілмегенін ескеру керек.

-ЖСДП-ның  8-Құрылтайы 2006 жылы қабылданған партия Жарғысына қайта оралуға дауыс берді. Бұл шешім ЖСДП-ның 9-Құрылтайы  және Саяси Кеңес төралқасы шешімдеріне сәйкес   өткен 2012 жылдың 15-қаңтарындағы Мәжіліс сайлауына қатысқаны да белгілі.

-Өкінішке орай, «Азат» партиясының кейбір мүшелері тіркелмеген ЖСДП «Азат» партиясының атын жамылуын тоқтатар емес. Бұл ЖСДП партиясының  құқықтық  ұстанымдарына және партияның мызғымас бірлігіне жауапкершілік қаупін төндіріп, қатты нұқсан келтіруде.  Сонымен қатар соңғы жылдары  олар партиялық қызметке ат салыспай қоюымен қоса, жаңа Бағдарлама жасауға да қол ұштарын берген жоқ әрі олар партиямен арадағы байланысты толықтай үзді.

Осыған орай,ЖСДП Саяси Кеңесі Қаулы қабылдайды:

-Партия өзі қабылдаған Жарғысына байланысты партиялық қызметін одан әрі жалғастыра беретін болады. Сонымен бірге партия Жарғысын мойындамау, оның жұмыстарына ат салыспау – бұл партияның қатарына мүше болумен сыйыспайтын әрекет екендігін Саяси Кеңес  бекітеді.

Серке.kz

*Тақырып өзгертілді

6 ПІКІРЛЕР

  1. Мен сегіз жыл Жармахан Тұяқбайға жұмыс істеп, қазір сорлап отырмын. Сорлатып отырған осы Жармаханның мафиясы мен «Агашка» лақап атын жамылған Тұрғараевтар !Бұларға халық сенбейтін болды. Бұлар мені сотқа бере алмайды. Себебі менің алдымда олар туралы фактілер жеткілікті. :shoshu:

  2. Болат,Әміржандарға,Атабаев,Қажегелдин,Жақиянов,Жасарал,Сапарғали,Тайжан,Қасым,сүгіретші Болат,Жанболат,Зауреш,Гүлжан,Маржан,Инга ,Дос Кошім,Айдос т.б. халық үшін бірігу керек.Қашанғы көрінгенге жем болып жүреміз

  3. Оппозицияшыл саясаткер Жармахан Тұяқбайдың Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Болат Әбілев және Әміржан Қосанов бастаған топпен ат құйрығын кесісті. Себебі, олар партиялық қызметке ат салыспай қоюымен қоса партияның жаңа Бағдарламасын жасауға да қол ұштарын бермеген. Және олардың не істеп жүргені түсініксіз, қайда жүргені белгісіз – партияға ат ізін салмай арадағы байланысты толықтай үзіпті. Осыған орай ЖСДП партиясының саяси кеңесі арнайы қаулы қабылдады. Онда Болат Әбілев пен Әміржан Қосанов бастаған топтың ЖСДП партиясының атын жамылуын қасақана тоқтатпай жатқаны, олардың бұл әрекеті ЖСДП партиясының құқықтық ұстанымдарына және партияның мызғымас бірлігіне қауіп төндіріп, қатты нұқсан келтіріп жатқаны айтылған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз