ӘЗІРБАЙЖАН ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

Екі күн бұрын "Қазақ үні" сайтында және фейсбук парақшамызда 18 қазанда Тәуелсіздік алғандарына 29 жыл толатын Әзірбайжан ағайындарға құттықтау жазба жазып, соғыста жеңіс тілеген едік. Онда осындай мерекелі күнге арналып, елорданың ең көрнекті жарнама экранына айналған ҚТЖ ғимаратындағы лэдта Әзірбайжан туы жарқырап тұрғанын жазғанбыз! Ілген Халықаралық Түрік Академиясы президенті Darhan Qydyráli бауырымызға алғыс айтқанбыз. Бүгін Бакудегі Али Рзазаде бауырымыз хабарласты. Әзірбайжан ТВ телеарнасы Қазақстанға рахмет айтып, астанамыздағы Әзірбайжан туы ілінген ҚТЖ ғимаратының лэд экранын көрсетіпті. Әзірбайжан ағайындарға Қарабақ өңірін тарихи отанына қайтарып алуды және бейбітшілік пен берекелі өмір тілейміз! Қазыбек Иса,  Қазақ үні