Си Цзиньпин соғысқа дайындалуға пәрмен берді

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қытай әскеріне соғысқа дайын болу керектігін және жаттығуларды күшейту қажет екенін жеткізді. Қытай басшысы мұндай мәлімдемені Гуандун провинциясындағы әскери базада жасаған. Оның сөзін Қытайдың орталық телеарнасы қаз-қалпында көрсетіпті.

Си Цзиньпин әскер қатарындағы азаматтарға ел үшін жан пида ете білу керектігін, сенімді әрі батыл болу шарт екенін айтты, - деп хабарлайды bairaq.kz.

«Сіздер соғысқа дайын болу үшін және мұқият болу үшін ақыл мен күшті біріктірулеріңіз керек», - деді ол.

Си Цзиньпин сөз соңында әскер қатарындағы азаматтардың елдің территориялық тұтастығын, мемлекет қауіпсіздігін сақтау жолында ерен еңбек етіп жүргенін атап өтті.