Елбасы Бас мүфтидің сайлануымен құттықтады

0
666

АСТАНА. 19 ақпан. Baq.kz – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін жаңа Бас мүфтидің сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.


«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі жаңадан сайланды. Құттықтауымды қабыл алыңыздар!», – деді Мемлекет басшысы.
Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін ҚМДБ-ның жаңа Бас мүфтиі болып Ержан Маямеров сайланды.
Мемлекет басшысы ҚМДБ өкілдерін жаңа дінбасының жұмысына қолдау көрсетіп, жемісті еңбек етуге шақырды.
«Ислам діні – халқымызды сан ғасырдан бері рухани құндылықтар төңірегіне біріктіріп келе жатқан қасиетті дін. Діни басқарма елдегі 2228 мешіттің басын қосқан ең іргелі құрылым екенін танытты. Елімізде отандық діни білім беру жүйесі қалыптасты. Қоғамда жоғары діни білімі бар азаматтар көбейді. Діни басқарманың кадрлық – ұйымдастырушылық әлеуетін көтеру шараларын қабылдау – уақыт талабы», – деді Президент.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз