Шымкенттің әуежайы аукционға қойылды
2020 ж. 06 қазан
1166
0
Шымкент әуежайы аукционға қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Электронды сауда платформасының сайтында осындай ақпарат орналастырылған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін тендер жарияланған.
Сауданың басталуы 8 қазанға жоспарланған.
Әуежайдың болашақ иесі үшін бірқатар шарттар тағайындалады. Мысалы:
- сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің профилін сақтау; - сенімгерлік басқару кезеңіне кем дегенде 6,0 млрд теңге инвестиция салу; - әуежайдан маршруттық желіні дамыту есебінен объект ұсынатын жұмыстар мен қызметтердің көлемін ұлғайту және т.б.