Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елімізде бес облысы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Таңертең және күндіз 5 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең 5 қазанда Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

5-7 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Күндіз 5, тәулік бойы 6-7қазанда кей жерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең 5-7 қазанда кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Тараз қаласында түнде және таңертең 7 қазанда 1-3 градус үсік болады.

4 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с.