Министр қанша оқушы коронавирус жұқтырғанын жасырмай айтты

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн  отырысында айтты.

- Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша науқастар саны 107 908-ды құрап отыр. Соңғы тәулікте ауырғандар саны 75 адам тіркелді. Жалпы көз жұмғандар саны 1731 адамды құрады. Оқушылар арасында індет жұқтыруға қатысты тоқталсам, жыл басынан бері 104 жағдай тіркелді, оның 33-і кезекші сыныптарда оқығандар арасында, 71 науқас қашықтан оқытып жатқандар арасында тіркелді, 550 байланыс орнатқандар тіркелді, олардың арасында 7 науқас шықты, - деді министр.

Цой атап өткендей, офлайн режимге барлық оқушы көшкен жағдайда байланыс орнатқандар саны 1500-ге дейін артып кететін еді. Ол оқушылар мен мектеп ұжымы және ата-аналар арасында жұқтыру ықтималдығын арттыратын еді.

- сы орайда, аумақ әкімдері білім беру нысандарындағы санитарлық-дезинфекциялық талаптарды барынша орындалуын қамтамасыз етуі керек. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірлердегі жағдай тұрақты. Барлық аймақ «жасыл» аймақта тұр, - деді ол.