Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі шарт

АСТАНА. 14 ақпан. Baq.kz - Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді және барлық заң нормаларын білуі тиіс!. Бұл мәселе төңірегінде бүгін мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық отырыста Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Әлихан Бәйменов сөз етті.
«Мемлекеттік тілді әрбір қызметкердің білгені дұрыс. Осыған орай 19 қаңтарда Президент әкімшілігі аудан, қала әкімдерінің қатысуымен жиын өткізді. Сол жиынға келген барлық қала, аудан әкімдері мемлекеттік тілде Қазтест орталығынан арнайы тесттен өтті. Қазіргі заңдық негізге байланысты тесттің нәтижесі ұлттық комиссияға қосымша ақпарат ретінде беріледі. Мұндай тест жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады», - деді Агенттік төрағасы.