«Нұр Отанмен» жұмыс істеу мүмкін емес...

«Ақ жол» партиясының ақпарат қызметі 2010 жылдың 11 наурызында өткен Партияаралық Кеңестің жетінші отырысының нәтижелері мен мазмұны туралы ақпараттың «Нұр Отан» партиясының бүгінгі басшылығының «Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы» меморандум  бағытына сай келмейтін іс-қимылдарына байланысты бұрмаланып жеткізілгенін хабарлайды.

Осыған байланысты «Ақ жол» партиясының ақпарат қызметі «Кеден одағы: үміт пен өзекті мәселелер» сұрағы бойынша қабылданған Партияаралық Кеңестің шешімін сіздердің назарларыңызға ұсынады (тіркелген).

Отырыста сонымен қатар «Ауыл» және Коммунистік халық партия ұсынысымен үкіметтің «Ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде» және «Халықты еңбекпен қамтамасыз ету жөнінде» Партияаралық Кеңестің бұрынғы шешімдерін орындау туралы ақпараты тыңдалды.

«Ақ жол» партиясының бағамдауынша «Нұр Отан» партиясының қазіргі басшылығының жасампаздыққа лайықсыз іс-қимылы, олардың апараттық ойындарға бейімділігі және Партияаралық Кеңестің басқа мүшелерінің бастамаларына қырғи қабақ танытуы Меморандум аясындағы өзара бірлескен іс-қимыл мүмкіндігін жоққа шығарып отыр. (Мәлімет: Партияаралық Кеңестің регламентіне сәйкес Хатшылық функция «Нұр Отан» партиясына жүктелген.)

«Ақ жол» – ақпарат