Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ пара алып жатқан жерінен ұсталды
2020 ж. 28 қыркүйек
1133
0
Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ 600 миллион теңгеден астам жалған шот-фактура жасап бергені үшін сыйақы алып жатқан кезде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"40 млн теңге мөлшерінде, яғни 615 млн теңге сомаға жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін жалпы соманың 6,5%-ы көлемінде алып жатқан жерінен 4 адам ұсталды", - деп хабарлады Қаржы мониторингі комитетінде.
Шымкент қаласының Абай аудандық соты айыпталушыларды ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды. Оларға 3 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.