Коронавирус пен пневмониядан 4 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 38 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 21 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32490, 350 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27057-ге жетті. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 314 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.