Жақын жердегі көршілермен саудаласу тез және тиімді - министр

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде атап өткендей, экономикалық интеграциялық бірлестік елдерінің арасындағы сауда мүше мемлекеттердің дамуын қолдаудың негізгі факторы болуда. Оның сөзінше, сауданы барынша өңірлендіру ЕАЭО-ның басты мақсаты болуы тиіс.

Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды. «Қазақстанда «бәсекелес өнімді жасау мәселесі ғана емес, сондай-ақ оны шетелге – жердің қиыр шетіне Еуропаға немесе Америкаға жеткізіп, сату мәселесі тұр. Мұндай шалғай жерлерге тар шеңберде мамандандырылған тауарларды ғана шығару тиімді. Бірақ қалған барлық өнімдер бойынша бәсекелесу бізге өте қиын. Сондықтан әрқашан жақын жердегі көршілермен саудаласу тез және тиімді», - деді министр.

Оның сөзінше, көптеген интеграциялық бірлестіктер сауда белсенділігін танытуда, ал ЕАЭО-да ішкі сауда көрсеткіші өте төмен. Атап айтқанда, Еуропалық одақта ЕО ішінде сауда көлемі 63%, НАФТА – 47%. Еуразиялық экономикалық одақта бұл көрсеткіш 14%-тен астам емес.

«Өңірлендіру және экономикалық интеграция мәселелері бүгінгі жағдайда өте маңызды. Біз осы алаңда ұлттық мүдделерімізді қорғайтын боламыз», - деп мәлімдеді Б. Сұлтанов.

Ол сонымен қатар, өкімет қазақстандық цифрлық сауда алаңдарын ынтыландырудың жаңа шараларын пысықтауда екенін жеткізді.

«Қосымша КТС пен ЖТС төлеуден босату мәселесі пысықталуда,» - деп мәлімдеді Сұлтанов, электрондық коммерцияны дамыту жоспары туралы әңгімелегенде.

Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп «төлем жүйесі арқылы электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселесі» пысықталып жатқанын хабарлады.

СИМ-нің болжамы бойынша, осы жылдың соңына дейін 900 млрд. теңге, ал 2022 жылға қарай онлайн сатып алу көлемі елдегі барлық бөлшек сауданың 2 триллионына немесе 13%-ына жетуі мүмкін.

Сұлтановтың айтуынша, 2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесі нарықтың 15% - ына жетеді.

Сонымен бірге, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында ведомство экспорттық қаржыландыру бойынша процент ставкаларын субсидиялау – қолдаудың жаңа тетігіне бастама етіп отырғанын хабарлады. «Бұл жоғары технологиялық өнімді жеткізу бойынша келісімшарттарды қолдайды», деді Сұлтанов. Оның айтуынша, «Осы қолдау нысанын күтіп отырған және 300 млрд. теңгеден астам сомаға мұндай өнімді жыл сайын экспорттауға дайын кәсіпорындардың нақты тізбесі бар».

Қазіргі уақытта Қазақстан шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың белсенді саясатын жүргізуде.

Осылайша, өткен жылы Министрліктің көмегімен 300-ден астам қазақстандық компания 50 шетелдік көрмелерге қатысып, 114 млрд.теңгеге 63 экспорттық келісімшарт жасасты.

Өңделген өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау 2 жыл ішінде 277 экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың көлік шығыстарын 6,8 млрд. теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді. Ал босатылған қаражатты олар өндіріс көлемін ұлғайтуға инвестиция ретінде салды. Нәтижесінде, олардың  салық аударымдары 45%-ке өсті.

Экспорттаушылар, сондай-ақ, жеңілдетілген кредиттер мен келісімшарттарға сақтандыру қолдауын да алады. Мысалы, өткен жылы «ҚазақЭкспорт» 82 экспорттаушының 97,1 млрд. теңге сақтандыру міндеттемелерін қабылдады, осы жылы – 31,1 млрд. теңге сомасына 50-ден астам.

Біз қолдаудың тағы бір құралы – экспорттық қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау туралы бастама көтереміз. Бұл 300 млрд. теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық өнім жеткізу жөніндегі келісімшарттарға қолдау көрсетеді..

Біз мемлекеттік қолдаудың жаңа жүйесін – экспорттаушыларды жеделдетуді іске қостық. Бұл жылы акселератор тамақ өніркәсібіне шоғарланған. Тамақ өнеркәсібінде Қытай нарығына шығарылатын 40-қа жуық компания іріктеліп алынды.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай экспорттық акселерацияны қолдау «сенімді экспорттаушылар қатарын тағы алты жүз қазақстандық кәсіпорынға толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл экспорттық жеткізілімдердің $ 410,2 млн. - ға ұлғаюын және қосымша салық аударымдарының 34,5 млрд. теңге түсуін қамтамасыз етеді».

Еске сала кетейік, ведомство экспорттық қаржыландыру бойынша процент ставкаларын субсидиялау – қолдаудың жаңа тетігіне бастама етіп отырғанын да хабарлады. «Бұл жоғары технологиялық өнімді жеткізу бойынша келісімшарттарды қолдайды», деді Сұлтанов. Оның айтуынша, «Осы қолдау нысанын күтіп отырған және 300 млрд. теңгеден астам сомаға мұндай өнімді жыл сайын экспорттауға дайын кәсіпорындардың нақты тізбесі бар».