Өзбекстанмен шекарада Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы ашылады
2020 ж. 20 тамыз
1183
0
Көптен күткен шекаралық ынтымақтастық орталығы. Отандық кәсіпкерлер мен олардың серіктестері қазақ-өзбек бірлескен жобасына бұрыннан қызығушылық танытып келеді. Бүгін халықпен есеп беру кездесуінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.«Орталық Азия бағыты біз үшін маңызды. Сауданы арттырудың ең жылдам және тиімді тәсілі - жақын көршімен сауда жасау. Мемлекет басшысының, Тұңғыш Президенттің нақты тапсырмасы болды. Бұл мемлекеттердің басшыларының уағдаластығы болды: «Орталық Азия» деп аталатын және бүкіл өңірдің дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру. Екі елдің салалық министрліктері арасында тиісті жол картасына қол қойылды, орталық орны анықталды. Ол жерге өзім бардым, премьер-министр болашақ құрылыс орнымен танысты», - деді министр.
Халықаралық мәртебесі бар үлкен сауда орталығы біздің жақта «Жібек Жолы» өткізу пункті мен өзбек тарапынан «Гишт Купир» аумағында ашылады. Алдағы айларда барлық келісулер жүзеге асырылады және нақты нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Құрылыстың өзі 2-3 жылға жуық уақытқа созылады.
«Біздің міндетіміз - орталықты барынша тез іске қосу. Екі елдің азаматтары үшін сауда жасауға және жедел өзара алмасуды қамтамасыз етуге қолайлы болуы үшін жаңа өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр. Бұл аумақта түрлі мемлекеттік бақылау органдары, ХҚКО, уақытша сақтау қоймалары, көлік-логистикалық орталық болады. Ең бастысы, сыртқы сауда көрсеткіштерін күшейтуге мүмкіндік беретін өнімдерді қайта өңдеу орталықтары орналастырылады», - деп жауап берді салалық ведомство басшысы.
Сонымен қатар, шекаралық тасымалды пайдалана отырып халықаралық сауданы дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 18 тамызында бейнеконференц байланыс режимінде ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрінің орынбасары Т. Качканың тең төрағалық етуімен, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобының 2-отырысы өтті.
Жұмыс тобының 2-ші отырысы барысында Тараптар алғашқы операциялық тұжырымдардың орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады, сондай-ақ іске асырылуы өзара сауда көлемінің ұлғаюына оң әсер етуі тиіс негізгі іс-шаралар көрініс тапқан 2-ші отырыстың операциялық қорытындылары талқыланды және келісілді.
Бұдан басқа, Тараптар covid-19 пандемиясының тауарлардың екі жақты саудасы әсері және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырудың ықтимал жолдары мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды, сондай-ақ өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалана отырып, жүктерді транзиттік тасымалдауды дамыту және екі жақты саудада сауда қорғау құралдарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы өзара сауда көлемі 7,4%-ға төмендеп, 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады.
2020 жылдың алты айында Қазақстан мен Украина арасындағы өзара сауда 398 млн. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 36,7%-ға төмен (629,1 млн. АҚШ доллары). Бұл ретте, Қазақстаннан Украинаға экспорт көлемі 51,2%-ға төмендеп, 225,3 млн. АҚШ долларын құрады және Украинадан импорттың 3,3%-ға (172,7 млн. АҚШ доллары) өскені байқалады.
Бүгінгі күнге Қазақстан өңделген тауарларды Украина нарығына жеткізуді арттыруы мүмкін, бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау салалары өнімдерінің 70 атауы, сондай-ақ жалпы сомасы 349,5 млн. АҚШ доллары болатын құрылыс материалдары. Аталған тізім Украина тарапына дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.
Сонымен бірге, Министрлік бір жыл жұмысы ішінде ЕАЭО шеңберінде саудадағы 16 кедергіні жоюға қол жеткізген.
Министр, сондай-ақ, Қазақстанның «Кедергі сипаттары туралы өтінішті ЕЭК-да қарау мерзімін 3 айға дейін қысқартуға» қол жеткізгенін айтты. «Бұрын осы процесс жыл бойы созбалаңға салынатын».
Одан басқа, Нұр-Сұлтан қаласы сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат жүйесін енгізуге қол жеткізді: экспорттаушылардың жарты жылда бір рет сертификатты растауы жеткілікті. «Енді қазақстандық экспорттаушыларға, мысалы, сүт өніміне әр экспорттық айран партисясына сертификат алып керегі жоқ. Тауардың Қазақстанда жасалғаны туралы сертификатпен жартыжылда бір рет растағаны жеткілікті», - деп түсіндірді Министр.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның мүдделері қазір елдер талқылап жатқан 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясының жобасында қамтылған.