Егемендіктің бір бөлігі беріліп кетті...

«Ақ жол» партиясы, ҚР Қаржы Министрлігі өкілдерінің, партиялар басшыларының,  мемлекеттік органдар өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, әрі талқылап Партияаралық Кеңес:

1. Кедендік одақтың құрылуы посткеңестік кеңістіктегі интеграцияның жаңа формасы болып табылады. Кедендік Одақ Комиссиясы сынды ұлтүсті органның құрылуы егемендіктің бір бөлігін осы органға беру болып  табылады.

2.  Қазақстанның Кедендік одақты құру кезіндегі дайындық барысы мен ұстанымдарының жеткіліксіз жариялануы аталған одақтың құрылу себептері мен перспективалары жөнінде әртүрлі пайымдаулардың туындауына себеп болуда.

3. Қазақстан қоғамы мен бизнес-қауымдастығында үміт пен күмән ауқымы кең. Бір жағынан қосымша инвестицияларды тарту мүмкіндіктері, Қазақстаннан өнім тасымалдану арзандауы туралы айтылуда. Басқа жағынан иновациялық даму жолында болуы мүмкін мәселелер, Кедендік Одаққа мүше емес елдерден келетін кейбір тауарлар бағасының өсуіне алаңдаушылық білдірілуде. 

4. Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына қосымша инвестицияларды тарту үшін жемқорлық деңгейін төмендету, бизнеске тең мүмкіндіктер жасаумен қатар жалпы инвестициялық климатты жақсарту қажет. Керісінше жағдайда шикізаттық емес секторға инвестицялар тек қана даму институттары арқылы мемлекеттік қосымша инвестициялаумен бірге ғана келуі мүмкін, ал ол өз кезегінде инвестиция тартудың ұзақ мерзімді стратегиясы бола алмайды.

5. Кеден одағы Комис­сия­сының жұмысы қазақстандықтар үшін толық ашық емес. Осы орайда Кедендік одақ Комиссиясының соңғы отырысында үш мемлекеттің арасында қабылданған кедендік баждардан түсетін кірісті бөлісу үлестері  сұрақ туғызып отыр. Кедендік одақ Комиссиясының отырыстарында қазақстандық делегация Қазақстан экономикасының мүдделерін белсендірек қорғау керек деген пікір бар.

6. Шешім қабылдау механизмі мәселесін қосымша қарастырумен қатар мүше-мемлекеттер үміткерлері арасында Кеден одағы хатшысының ротациясын алдын-ала қарастыру керек.

Партияаралық Кеңес қатысушылары атап өтуі бойынша, егер негізгі құжаттарға қол қою алдында парламенттік тыңдаулар, қазақстандық эксперт-мамандар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен форумдар өткізілсе, Кедендік Одақты құруға қатысты көптеген мәселелердің алдын-алуға болар еді.

7.  Партияаралық Кеңес  Үкіметке:

-  кедендік одақтың барлық органдарының жұмысының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;

- кедендік одақтың барлық органдарында Республиканың өкілдері Қазақстанның мүдделерін белсенді қорғауын қамтамасыз ету;

- кедендік одақ және алдағы таңда экономикалық кеңістікті ескере отырып,  мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жылдамдатылған индустрияландыру программасын жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанында отандық сарапшылар, ғалымдар және бизнес өкілдерінің қаты­суымен Кедендік одақ  мәселелері бойынша Кеңес құру;

- одақтық Кеден кодексін  әзірлеуге отандық кәсіпкерлердің өкілдерін белсендіре қатыстыру;

- кедендік одаққа кіру өтпелі кезеңінің әлеуметтік салдарларын жеңілдететін қосымша шараларды алдын-ала қарастыру;

-   Қазақстандық эксперттер, партия өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Парламенттік тыңдауларды, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізуге бастама жасауды ұсынады.

«Ақ жол» – ақпарат