ГЕНЕРАЛ ЕСЕТОВ ӨЛІМІНІҢ БАСҚА СЕБЕБІ БОЛУЫ МҮМКІН

1
1043

Астана. 11 ақпан. BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шекара академиясының басшысы Талғат Есетов 31 қаңтарда өз кабинетінде, ауыр жаралы күйде табылып, көп ұзамай, қайтыс болды. Тергеушілер Талғат Есетовтің өлімінің басқа себебі болуы мүмкін деген болжам жасауда.

«Мегополис» басылымының жазуынша, Талғат Есетов 25 желтоқсанда Шымкент түбінде апат болған Ан-72 ұшағын жөндету бойынша “Укрспецэкспорт” компаниясымен келіссөздер жүргізген. Алайда, ұшақ тек қағаз жүзінде ғана жөнделіп шыққан. Басылымның хабарлауынша, бұл хабарды Астанада қамауға алынған украниналық компанияның өкілдері айтып отыр.
«Демек Шымкент маңында болған апатқа кінәлілердің қатарында Талғат Есетов те бар деген сөз. Соның кесіренінен ұшақтың ұшу аппаратын автоматты басқаруға арналған құрылғы мен биіктікті өлшейтін аспап істен шығып, Ан-72 ұшағы діттеген жеріне жете алмаған» дейді «Мегополис».
Естеріңізде болса, бұған дейін Есетов өз-өзіне қол жұмсады деген болатын.

1 Пікір

  1. Т. Есетовтің өліміне басқа себептер болғаны анық, Ан-72 ұшағы жөндеуден өтпесе неге басқа кезде құламай, дәл шекара басшылары отырған кезде құлайды? Сонда шекара қызметінде отырғандар ұшақтың жөндеуден өткен бе, өтпеген бе оған қарамай ұшып жүреберетіндей ақымақтар емес шығар, бүкіл халықты ақымақ санауға болмайды ғой, мұндай ақпаратпен, бұған қазір жас балалар да сенбейді. Неге Т.Есетовтің жазып қалдырған хатын құпия сақтап отыр, халыққа шындықты айтпайды бәрібір.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз