"Жынымды келтірмеңізші" дейтін Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды
2020 ж. 14 қыркүйек
1121
1

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
***
С.М. Жұманғаринды Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы
Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан,
Ақорда,
2020 жылғы 14 қыркүйек
№ 410
Еске сала кетейік, бұған дейін Жұманғарин отандық тілшінің сұрағына "Жынымды келтірмеңізші!" деп дөрекі жауап беріп, дауға қалған болатын.