Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұтас стратегиясын айқындады - Түймебаев
2020 ж. 10 қыркүйек
1364
0
Бүгін, 10 қыркүйекте, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласындағы Достық үйінде Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктермен жиналыс өткізді.
Жиынды аша отырып ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Мемлекет Басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтарды атап өтті:
«Біріншіден, Жолдауда елдегі жағдайдың нақты және егжей-тегжейлі талдауы және елдің экономикалық және әлеуметтік салалардағы, мемлекеттік басқару саласындағы сонымен қатар қаржы саласындағы дамуын тежейтін себептердің диагностикасы келтірілген.
Екіншіден, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы - реформалар туралы Жолдау. Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Реформалар жөніндегі Жоғарғы Президенттік Кеңес - мемлекеттік басқарудың тұтас саласына айналуда, бұл оларды терең зерттеуді қажет етеді. Бірақ тек бұл мәселелер ғана емес. Реформалық институттардың құрылуы - бұл 2020 жылғы Жолдаудың бастамасы екендігінің айқын белгісі, ал басты реформалар әлі алда.
Үшіншіден, Президент Қ.Қ. Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сапалы жаңа векторға және дамудың жаңа қағидаттарына жеткізу бойынша іс-қимылдардың тұтас стратегиясын айқындады. Олар әлеуметтік әділеттілік, тиімділік пен бәсекеге қабілеттіліктің басымдықтарына негізделген. Қоғамдық өмірдің барлық салалары терең ремормалауды қажет етеді – олар экономика, әлеуметтік сала және елдің саяси өмірі. Бұрынғыдай - ешқашан болмайды. Реформалаудың тәсілі мен принципі өзгеруде. Заңның үстемдігі, адам мен азаматтың құқықтарын сақтау мемлекеттік басқарудың жаңа моделі арқылы жүзеге асырылады. «Тыңдайтын/Құлақ асатын» мемлекеттік модель мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысумен толықтырылады. Ал негізгі екпін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға аударылады. Бұл - азаматтардың өздерін тікелей мазалайтын мәселелерді шешуге қатысуға мүмкіндіктері. Демек, елдің әр азаматына Жолдаудың адамға бағытталғандығы.
Төртіншіден, Жолдау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың терең стратегиялық сабақтастығын көрсетеді. Оның «Ұлттың жаңа сапасы» бөлімі «Рухани жағыру» бағдарламасымен нақты байланысты. Қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа координаттары айқындалған: «жауапты мемлекет - жауапты қоғам - жауапты адам».
Ж.Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің басшыларын Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға белсендірек қатусуға шақырды.
«Біздің әрқайсымыз алдағы реформалардың құрылымдық күрделілігі мен тереңдігі үшін Қазақстанның революциялық ЕМЕС, бірмәнді эволюциялық дамуы қажет екенін түсінуіміз керек.
Дәл осы реформалардың синергиясы оларды жүзеге асырудан революциялық тиімділік береді. Жолдаудағы мақсаттарға жетудің негізгі қағидаттар - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік, сонымен қатар тұрақты гүлденген Қазақстанды құрудың негізі.
Біздің міндетіміз - осы маңызды құжатты түсіндіруге және іске асыруға белсенді қатысу.
Біз бұл мәселелер бойынша ҚХА Кеңесінде және басқа да іс-шараларда басты бағыттар береміз.
Сонымен қатар, республикалық ЭМБ қазірдің өзінде бірқатар бағыттар бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қажет етеді.
- Республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларынан өз бірлестіктерінің белсенділерімен кездесулер өткізуді, Жолдауды түсіндіруге және іске асыруға қатысу мәселелерін талқылауды тапсырамын.
- ЭтноБАҚ редакторлары халыққа Жолдаудың міндеттері, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Этникалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресурстары осы қызметке барынша белсенді атсалысуы тиіс.
- Этномәдени бірлестіктер халықты микробизнес негіздеріне оқыту саласында жобалар әзірлеп, жүзеге асыра алар еді.
Атап айтқанда, біз бірқатар жобалар әзірлеп жатырмыз.
Ауылда өмір сүру сапасын және жұмыспен қамтуды жақсарту аясында біз «Әр ауылдың өз шеберлері» атты оқыту жобасын бастаймыз.
Бұл ауылдағы ең өткір мәселелерді шешуге бағытталған «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының міндеттеріне толық жауап береді.
Пандемия кезінде бәріміз қосалқы шаруашылықтың, өзін-өзі қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіндік. Сондықтан, «Дача – подспорье семьи» жобасы қоса болады.
Отбасы - қоғамның бөлшектері. Сондықтан «Отбасылық бизнес - әл-ауқат негізі» жобасы пысықталатын болады.
Сонымен қатар, бізде көпұлтты отбасылар бойынша жоба жүзеге асырылады.
Жалпы, қазір әдеттегі жұмыс форматтан күтілген нәтижелері болатындай нақты жобаларға бағдарлау өте маңызды».
Күн тәртібіндегі аталған мәселе бойынша «Филия» Қазақстандағы гректер қауымдастығының» төрағасы Георгий Константинович Иорданиди және руководитель «Қазақстандағы корейлер қауымдастығының» төрағасы Сергей Геннадьевич Огай сөз сөйледі.
Спикерлердің пікірінше, Жолдауда халықтың әл-ауқаты мен әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жағдайына қатысты барлық басты салалар қамтылған, ал Жолдауды орындау – әркімнің азаматтық міндеті мен жауапкершілігі.
Жиналысты жалғастыра отырып, ҚХА Төрағасының орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасымен этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті:
«Алғаш рет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылды (40 адам).
ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ҚР Үкіметі қарамағына өту жолымен қайта құрылды (46 адам).
Мекемеге басшылық ететін өкілетті орган ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгіленді.
Өңірлік деңгейде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша әкімдіктердің қоғамдық даму/ішкі саясат басқармаларының құрамында жеке құрылымдық бөлімшелер құрылуда.
Аймақтардағы ҚХА хатшылықтары мен «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық даму/ішкі саясат басқармаларына беріліп, өңірлік ассамблеялар төрағаларының орынбасарлары болып ішкі саясат саласына жетекшілік ететін әкім орынбасарлары тағайындалуда.
АҚДМ жанынан Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты құрылды (30 адам). Оның басты міндеті – этносаралық қатынастар саласындағы саясатты ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету.
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат Концепциясы әзірленіп жатыр.
Жалпы, қысқа мерзімде этносаралық қатынастар саласында өкілетті орган – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылық ететін білдей мемлекеттік басқару саласы құрылды».
Өз кезегінде Комитет пен Институттың қызметі туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Әзілханов Марат Алмасұлы таныстырып өтті.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысып, Жолдауды белсенді жүзеге асыруды қолдай отырып, сөз сөйлегендер қатарында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, Мәжіліс депутаттары А.Мурадов («Вайнах» шешен-ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығының» тең төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі), Ю.Тимощенко («Қазақстандағы украиндар радасының» жетекшісі), Ш.Нурумов («Қазақстандағы ұйғырлар республикалық мәдени орталығының» жетекшісі, ҚХА Кеңесінің мүшесі) тағы басқалар қатысты.