Нұр-Сұлтандағы шенділер онлайн-сабақтағы порноға қатысты түсінік берді
2020 ж. 08 қыркүйек
1322
0

Бесінші сынып оқушылары Zoom арқылы математика сабағын оқып жатқанда порноның қосылып кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасындағылар түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
2020 жылдың 3 қыркүйегінде ZOOM платформасында 5-сынып оқушыларының оқу процесіне бөтен адамдар кіріп, балалардың компьютер экранында ұятсыз слайдтар шығарып, балағат сөздер айтып, математика сабағын бұзды. Ата-аналар мен мұғалімдерден осы негізде хабар келіп түскеннен кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн-кездесу өткізді, деп атап өтті білім басқармасындағылар.
Сонымен қатар, оқушылармен чат пен платформаларда жұмыс істеу кезінде әдеп нормаларын сақтау бойынша тәрбие жұмыстары жүргізілді.
- Сондай-ақ, ата-аналар кешке бейтаныс адамдармен сөйлесіп жүрген-жүрмегенін білу үшін балалардың ұялы телефондарын тексерді, бірақ ештеңе таппады. Енді сабақтар Microsoft Teams платформасында өтетін болды, - дейді шенділер.
Білім басқармасындағылар бұл келеңсіз жайтқан байланысты полицияға хат жолдағанын атап өтті.