ЖЕЗӨКШЕ ЖҰЛДЫЗДАР кімдер?

10
10590

 

Өткенде бір сөзжұмбақ газетті алып шешіп отырсам, «… ханшайым» деп жасырын сөз жазыпты. Қазақтан кім бар еді деп ары ойлап, бері ойлап білгенімнің бәрін жазсам сәйкес келмейді. Сөйтсем ол Англия королдігінің «ханшайымы» Диана екен.

Иә, Диана қайтыс болғанда, оның «жаулардың» қолынан «қасақана өлтірілді» деп оған арнап гомик, лесбиянка, трансвистердің жұлдызы әрі гомик «дарынды компазитор» Элтон Джон шығарған «жоқтау» әнін жазып, оны Еуропа әнұрандай айтып жүрді.

Диананы не себепті өлтірілгеніне келсек, мыңдаған жылдар бойы Иорктер мен Ланкастерлер әулетінен шыққан корольдар билеген кішкентай Англия – Ұлыбритания деп аталатын алып империяға айналды. Әлемнің төрт бұрышын жаулап алды. Бүгінде АҚШ, Австралия елдерінің негізін қалаған, шашасына шаң жұқтырмаған ел – Англияның ұлы корольдігіне қарайтын, ағылшын тілін өз тілдеріндей көретін 25 мемлекет бар.

Ағылшындар әлемнің озық ұлтына айналуы, әрине, король отбасының арқасы. Әлем мұсылмандарының арасына от салып, м ұсылмандарға қарсы идеологиялық соғыс жүргізіп жатқан Ұлыбританияға Диана ханшайым «сатқындық» жасап, мұсылман миллиардері Мұхаммедпен көңілдес болуын, артынан жүкті болып, туып алғысы келгенін есі дұрыс қай ағылшын қолдасын.

Әлемнің жетекші ұлтына айналған ағылшындар мен оның ұлы корольдігінің атын қорлаған Диана одан бұрын ханзада күйеуі және алтындай екі ұлының көзінше тағы біреумен «жүріс» жасаған. Өзі – Ұлы империяның ханшайымы, балалары – болашақ әлемнің корольдері емес пе, ертең олар әлемнің бетіне қалай қарамақ?

Ағылшындар қайдағы бір жезөкше әйелді емес, ұлттың мүддесін жоғары қойды. Міне, сондықтан Диана қайтыс болғаннан соң ұлдары оның жоғын жоқтамады. Қайдағы бір байшыкештер мен Еуропаның гендерлік саясатымен барынша уланған салдақы әйелдер ұйымы: «Диана – ханшайым, ол кіммен көңіл қосса да жарасады» деп жаһанға жар салып, «Диана өзінің біліктілігімен, парасатымен, әдемі ажарымен, бекзат болмысымен, қайрымдылығымен…» деп көпіртіп мақтап, оның өліміне король әулетін кінәлады.

Англияға бәсекелес Еуропалық арнайы топтар «тексіз Дианадан» «кіршіксіз, пәк періште» жасап, оның өлімін желеу етіп, король әулетінен өш алу мақсатымен неше түрлі құйтырқы саясаттар жасау арқылы «Диананың жоқтаушысы» болып жүр. Әйтпесе, әлемдегі жүздеген мемлекеттерде Диана сияқтылардың қаншасы өліп жатыр. Бұл жерде тек мыңдаған жылдар бойы ағылшындарды әлемге әшкерелеп, беделін түсіру, әрекеті жатыр.

Мэрилин Монро неше байдан ажырап, кімдердің төсегін былғамады? Ол туралы айтуға тұрмайды. Мадонна бір газетке берген бір сұхбатында: «Балаларымның әкелері кім екенін білмеймін»,-деп жауап беріпті. «Сіз әлі жап-жас көрінесіз» деп әркімнің ақымақ қылған әңгімесіне мәз болып, Мадонна 54 жасқа келсе де әлі қырыққа дейінгі жас жігіттерді көргенде аузының сілекейі ағып есі кетіп жүреді.

АҚШ пен Еуропаның әйел «жұлдыздарында» кім көбірек еркектермен төсек қатынасында көңілдес болса, сол – мақтаныш. Ал, Ресейдің «ТНТ» телеарнасының жүргізушісі Анфиса Чехованың журналға тыржалаңаш суреті шығып, соңына: «Еркектер журналына жалаңаш шыққаннан сондай ләззәт аламын әрі өзімді бақытты санаймын» депті жарымес. Сол кездерде Баян Есентаева да Анфисаға еліктеп көрді. Жартылай жалаңаш ары киінді, бері киінді ақыры қазақ қоғамы қабылдамаған соң қазір тәубесіне келген сияқты. Қазір Ресей телеарналарының Қазақстандағы «көшірмесі» «НТК», «Таң», «31» мен «7 канал» азғындық, жезөкшелік, өсек-өтірік, суайттықты дәріптеп, қазақ қоғамын былғап келеді.

Өткенде жезөкше Бритни Спирсті аналық құқығынан айырып, балаларын күйеуінде қалдырды. Он үш жасынан жезөкшелікпен айналысқан, қырыққа келгенде бойдан жылуы кетіп, беттің нәрі қашып, еркек атаулыға сүйкімсіз болып, ешкімге керек болмай қалған даниялық салдақы әйел 43 жасында, қалайда атын шығару үшін, Данияның қасиетті король сарайына ұрланып кіріп, алтын тақтың үстіне тырдай жалаңаш күйінде отыз түрлі жыныстық әдіс-тәсілдерін көрсетіп түскен суретін газеттер жариялады. Мұны көрген Дания ханшайымы Маргрет есін жия алмай қалды.

Мыңдаған жылдар Дания халқы ардақтаған алтын тақты қорлағаны үшін жезөкше қатынды біреу өлтірсе, жетесіз саясаткерлер: «ақылды да пәк ару, жазықсыз құрбан болды» деп «ұлы әйелдердің» қатарына қосар еді. Жоғарыда аталғандардың бірде-біреуінің ұлтына, халқына міне деп көрсетерліктей сіңірген еңбектері жоқ. Қазіргі таңда жезөкшелікпен, азғындықпен аты шыққан әйелдерді мақтау, мадақтау белең алып барады. Сондықтан біздің он екіде бір гүлі ашылмаған, пәк те таза ару қыздарымызға бұларды үлгі етіп, дүние есігін жаңа ашқан періште сәбилерге салдақылардың аттарын қоймаса екен деп армандаймын.

Тоғайбай Нұрмұратұлы

www.gu-gu.kz

 

10 ПІКІРЛЕР

  1. Жалаңаштық тақырыбын М. Кенжебай тәуір көретін, қарсы дау айтса да тым шүйлігуі біраз жайдан хабар береді. Енді оның егізіндей сіз бар екенсіз. Жалаңаштық туралы. Жұрт алдына тырдай түскен суретін жариялау-азғындық, арсыздық. Ресейдің бірсыпыра әншілері үшін бұл түк емес. Өткенде өз көзіме өзім сендім. Сірә гонорары жақсы шығар.Арасында сарқарын бәйбіше жасындағы Ротару да жүр. Кемпір албасты құсап.Кейбіріне таң қалмайсың, өзі де ұқсап тұр деп. Ал аққудың сыңарын бейнелейтін ойлы-ау деген әдемі түрі мен қыздай тұлғасы бар өнерпазды қимайды екенсің. Жақсы бір әнші еді, сұлу еді, надан неменің масқара болғанын деп жек көресің. Ақымақтығын түсіне алмайсың.Санада мүлдем басқа бейнені сомдап еді соның быт-шытын шығарғаны үшін сөгесің.Ал олар былай ойлайды: ақшасы жақсы, бұл сәнді, өзім жаман емеспін, жұрт бағаласын,бәрібір өлеміз.Жұрттың есі дұрысы денесін емес басқасын бағалайды да. Пайымын, ақылын, көркін, еңбегін.Озабоченный бейшаралар жұрт па еді?Әйтсе де Баянды текке жазғырмаңдаршы. Егер ол қатты қажет болса шешініп тастар еді-өйтпеді. Жұртты сыйлады.Ол сендер ойлағандай санасыз емес.

  2. Шеттің сайқалдары барша дүниені былғап бітті. Оларға ішіміздегі сүмелектер те қосылуда. Гламур-шоу деген жәлептердің ісі сияқты елді жайлап барады. Жастарға басқа еліктейтін еш нәрсе қалмады. Бейшара Баян мисыздығынан болар жалаңаш суретке түсіп жүргені. Скотина!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз