Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын қанша адам пайдаланатынын айтты
2020 ж. 02 қыркүйек
1513
1
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Мемлекет басшысы осы жылдың соңына дейін азаматтардың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй, қымбат тұратын емге төлеуге, қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалану бойынша қажетті құқықтық актілерді дайындауға тапсырма берді. Бүгінде мақұлданған тұжырымдамалық шешім бар. Аталған мақсаттарға өз зейнетақы жинақтарын пайдалана алатын 721 мың адамның мүмкіндігі болады. Ол шамамен 1,4 трлн теңге көлемінде. Оның ішінде жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинағы бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азамат бар. 178 мыңнан астам зейнетақы жинақтары бар зейнеткерлер, - деді ол.
Нұрымбетов тапсырмаларды іске асыру үшін жыл соңына дейін бірқатар шара қабылданатынын айтты.
Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша заң қабылдау. БЖЗҚ нысаналық төлемдерді жүзеге асыруды Үкіметтің қаулысымен бекітетін боламыз. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту қағидалары индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, ем қабылдау бойынша денсаулық сақтау министрлігімен бекітіледі, - деді министр.
Айта кетейік, Президент өз Жолдауында 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға алатынын айтқан еді.