Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылды
2020 ж. 26 тамыз
1067
0
26 тамыз күні сағат 05:58-де Түлкібас ауданындағы Машат ауылынан 4 шақырым жерде, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар күре жолында ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.
«Алматы-Сарыағаш» бағытымен келе жатқан «Yutong» маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып, жанымен құлаған. Автобус салонында 34 адам, соның ішінде жеті бала болған. Көлік жанармайы төгілген жоқ.
Жол-көлік апаты салдарынан, сағат 07:35-тегі жағдай бойынша, Сайрам ауданының орталық аудандық ауруханасына 17 адам жеткізілді, соның ішінде 6 адам ауруханаға жатқызылды, соның ішінде екеуі – ауыр жағдайда, арасында балалар жоқ. Қалғандары тексерілген соң, үйлеріне жіберілді. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері барды.