«Рулі оң жақта орналасқан» көліктерді тіркеу қарастырылмаған

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2009 жылдан бастап тыйым салынғандықтан, рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді тіркеу қарастырылмайтынын еске салды.

Бұл тыйым «Жол қозғалысы туралы» заңда және Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде белгіленген.

Бұл Армениядан да, басқа елдерден де жаңадан әкелінген барлық автомобильдерге қатысты.