Қазақстанда коронавирустық пневмония бір тәулікте 787 адамнан анықталды

0
244

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 800-ге жуық адам шалдықты, деп хабарлайды сoronavirus2020.kz сайты.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 787 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 20541, 237 өлім жағдайы тіркелді», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 244 адамнан анықталды. Оның ішінде 110 адам – симптомсыз тасымалдаушы. Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты.

Бүгінге дейін коронавирус жалпы 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450 науқас – жазылды, 1415 науқас – қайтыс болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз