Қазақстанның Түркиядағы елшісі «Қазақ үні» ұжымын мерейтойымен құттықтады

ҚР Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбеков «Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейтойымен редакция ұжымын құттықтады.

***

Құрметті Қазыбек Иса!

Сізді және басқарып отырған ұжымыңызды «Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақ елін сенімді және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз етіп, 20 жылдан бері егемен елімізді игі істерге жұмылдырып, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер.

Мемлекет мүддесі мен ұлт мұратына бағытталған бастамаларыңызға сәттілік серік болуына тілектеспін.

Осынау орайлы күнде Сіздерге шығармашылық шабыт, таусылмас күш-жігер, зор денсаулық және бақ пен береке тілеймін.

Қаламдарыңыз қуатты, еңбегіңіз жемісті болсын!

Ізгі тілекпен,

ЕЛШІ А.САПАРБЕКҰЛЫ