Авиаапатта тонау болғанын айтады қайғылы отбасы…

4
1068

«Жетім көрсең жебей жүр!» – Азат Перуашев авиаапаттан ұлы, келіні және олардың кіші баласы қаза тауып, ал екі баласы жетім қалған алматылықтардың отбасына көңіл айтты.

 

Баршаға мәлім, Көкшетау – Алматы бағытындағы сапар барысындағы   ұшақ еліміздің оңтүстік астанасының маңайында апатқа ұшырады. Авиаапат 21 адамның өмірін қиды, олардың әрқайсысының жақындары үшін бұл өте ауыр қайғы. Соның ішінде  тағдыр бір отбасыға айрықша ауыр соққы жасады – сұм ажал әкесін, анасын және кіші баласын қас-қағым сәтте жалмады.

Болған апаттың қан қақсатқан ауыртпалығы мен қатты күйзелісін бөлісе отырып, «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасы орынбасарлары Қазыбек Иса мен Ерлан Барлыбаев өткен жұмада осы отбасыда болып, марқұмдардың әруағына Құран бағыштады..

Ажал құшқан Ғалымжан Дүйсенов, оның жұбайы Индира Рахымбек және олардың біржарым жастағы ұлы Бекжан Бақытжан Көкшетаудан сол сапардан қайтып келе жатқан, онда Ғалымжанның шағын бизнесі болған.

    Өмірден екі бірдей ата-анасын және кішкентай бауырын алып кеткен апаттан кейін Дарын (12 жаста) мен Әлина (10 жаста) тұл жетім болып қалды.

 

Азат Перуашев Ғалымжан мен Индираның туыстарына апаттан болған қасірет мыңдаған қатардағы қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып кеткенін атап өтіп, орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. «Сіздердің бастарыңызға түскен ауыр қайғыны ешқандай сөзбен азайту мүмкін емес, сіздердің балаларыңыздың опат болуы адам төзерлік жағдай емес, бұл әділетсіздік»,- деді ол, Ғалымжанның анасы Салиха-апаға. -Бірақ сізге балаларыңыздың артында қалған тұяқтарын – немерелеріңізді ата-аналарының атына лайық етіп өсіру үшін өзіңізді сақтау керек»

Қайғыдан қан жұтып отырған ана, ІІМ ардагері  Салиха Құлахметова апат салдарынан  Ғалымжанның балалары оларға әке-шешесі беретін жарқын келешегінен айрылатын болды деп мұңын шақты.

 

Өз кезегінде, Азат Перуашев балалардың өмірі және оқуы үшін, олардың келешекте жақсы білім және жұмыс алуын қалыпты жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша қажетті көмек жасауды ұсынды.

«Қазақтар жетімдерін жебеп жүрген, мұндайды тек аттөбеліндей ағайынның қасіреті деп түсінбей, бүкіл ауыл бірге көтерген. Сондықтан да біз сіздерді өз қайғыларыңызбен бетпе-бет қалдырмаймыз, барлық мүмкіндіктерді жасап, қолдан келгенше көмектесеміз» – деп атап көрсетті Перуашев.

Ол Салиха-ападан қаражат жинау үшін Дарын мен Әлинаның атынан есепшот ашып қоюды сұрады және оған миллион теңге аударатынын хабарлады. Азат Перуашев сондай-ақ бұл жағдайда балаларды қолдауға көптеген басқа қазақстандықтар да қол ұшын береді деп үміттенетін білдірді.

 

Көз жасымен үзіліп қалып отырған ауыр әңгіменің барысында қаза болғандардың туған-туыстары депутатқа олардың ауыр қайғысына айылын жимай, мейірімсіз, қатігездік көрсеткендерге ашу-ызасын білдірді. Олар қайғылы апат болған жерде тонаушылық та орын алғанына сенімді. Мәселен, мәйіттердің саусақтарынан үйлену тойынан бері шешілмеген неке жүзіктерін суырып алып кеткен. Белгісіз біреулер әйелдің құлақтарындағы сырғаларын сыпырып алған. Мүрдехана қызметкерлері оларға мәйіттердің сол кезде-ақ үптеп кету түрінде келгендігін айтып, жауап берді. «Мәселе тіпті де алтын да емес» – деп еңіреп жылады отбасында. «– Бірақ ар-ұят деген қайда, мұндайға барғандардың адамгершіліктері қайда?»

Оның үстіне, теледидар арналары бойынша қаралы отбасының жанын жаралап, жүрегін ауыртқан фото және бейнетүсірілімдерінің кадрлары көрсетілді. Олар мұны апат орын алған жерден жоғалған ерлі-зайыптылардың мобилді телефондарынан түсірілгеніне сенімді болып отыр. Депутат А.Перуашевтің осы телеарнаның басшылығына шұғыл хабарласқанынан кейін, жағдай анықталды. Бейне түсірілімдер мен фотоларды қайғыға  ұшыраған отбасының туыстарымыз деп, жалған айтқан бір әйел ұсынған болып шықты. Кадрлар эфирден алынып тасталды.

Азат Перуашев отбасының шағымдары мен өтініштері бойынша, ең алдымен, жетім қалған балалардың одан арғы тағдырына қатысты мәселелерді шешуге барынша ықпал етуге уәде берді.

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық

партиясының баспасөз қызметі.

2013 жылдың 5-інші ақпаны

www.qazaquni.kz

Теңгемен есепке алу үшін реквизиттер:

“Казкоммерцбанк” АҚ

Алматы қаласы

БАСК KZKOKZKX

ЖСН      491025400481            

Д/шот    KZ779261802362509000

Т.А.Ә.   ҚҰЛАХМЕТОВА САЛИХА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ

 

4 ПІКІРЛЕР

  1. «Оның үстіне, теледидар арналары бойынша қаралы отбасының жанын жаралап, жүрегін ауыртқан фото және бейнетүсірілімдерінің кадрлары көрсетілді. Олар мұны апат орын алған жерден жоғалған ерлі-зайыптылардың мобилді телефондарынан түсірілгеніне сенімді болып отыр. Депутат А.Перуашевтің осы телеарнаның басшылығына шұғыл хабарласқанынан кейін, жағдай анықталды. Бейне түсірілімдер мен фотоларды қайғыға ұшыраған отбасының туыстарымыз деп, жалған айтқан бір әйел ұсынған болып шықты. Кадрлар эфирден алынып тасталды.»

  2. «…ауыр әңгіменің барысында қаза болғандардың туған-туыстары депутатқа олардың ауыр қайғысына айылын жимай, мейірімсіз, қатігездік көрсеткендерге ашу-ызасын білдірді. Олар қайғылы апат болған жерде тонаушылық та орын алғанына сенімді. Мәселен, мәйіттердің саусақтарынан үйлену тойынан бері шешілмеген неке жүзіктерін суырып алып кеткен. Белгісіз біреулер әйелдің құлақтарындағы сырғаларын сыпырып алған. Мүрдехана қызметкерлері оларға мәйіттердің сол кезде-ақ үптеп кету түрінде келгендігін айтып, жауап берді. «Мәселе тіпті де алтын да емес» – деп еңіреп жылады отбасында. «– Бірақ ар-ұят деген қайда, мұндайға барғандардың адамгершіліктері қайда?»

  3. «Жетім көрсең жебей жүр!» – Азат Перуашев авиаапаттан ұлы, келіні және олардың кіші баласы қаза тауып, ал екі баласы жетім қалған алматылықтардың отбасына көңіл айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз