МЕНІҢ ПОЛИЦИЯМ – МЕНІ ҚОРЛАЙДЫ! Полиция мен гестапоның айырмашылығы неде?

Ақтөбе облысы, Кенқияқ кентінің іргесіндегі Саркөл-Шұбаршы ауылында, көптен бері көз көріп, құлақ естімеген, сұмдық оқиға болды.

Наурыздың 7-сі күні  Үкіметтің нешеме жылдардан бермен қарай, заңдастырудан бас тартып, әбден әуре сарсаңға салып келе жатқан «Алға» Халықтық партиясының белді қызметкері 5 баланың анасы, жесір әйел Эльвира Жақсылықованы оның үйіне зорлықпен басып кірген 5 бірдей полиция қызметкері аяусыз соққыға жыққан, одан кейін олар оны машинаға күштеп мінгізіп, полиция бөліміне алып кеп, ертеден қара кешке дейін жауаптаған. Ұрып-соғып, саусақтарына ине жүгіртіп, зәбірлеп, өздері алдын-ала жазып, әзірлеп әкелген әлде бір қағаздарға зорлап қол қойғызған. Ол қағаздарда не жазылғанын оған оқып та бермеген. Эльвираның пайымдауынша, орган қызметкерлерінің оған осыншалықты шүйлігуінің басты себебі – соңғы күндергі Шұбаршы ауылына әлде кімдер әкеп таратқан Президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың «Ақтөбе Мұнай Газдың» мемлекеттік акциясын сату барысында Қытайдан алған парасы жөніндегі парақшалар болуы мүмкін.

Ізінен қалмай аңдып, ешқайда аяқ бастырмай қойған олардың қыспағынан Эльвира Жақсылықова наурыздың 9-ы күні ғана  амалын тауып, сытылып шығып, Ақтөбе қаласына жеткен. Ол қазір денсаулығын тексерту үстінде.

 

«Алға!» (бұрынғы ДВК) ХП

құру жөніндегі

Ақтөбе  облыстық ұйымдастыру 

комитетінің баспасөз-қызметі