ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдей түсті
2020 ж. 13 тамыз
1244
0
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп ХҚКО-ға кезекті брондау процесін оңтайландырды. Автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының, көлік иесінің ЖСН (егер автокөлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН көрсету қажет, барлық үш ЖСН-а бір қызметті алу үшін жүйеде тіркеледі.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.Белгіленген уақытта арнайы ХҚКО-ға келген кезде талон кезекке қойған басқа адамдардың деректеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігінсіз ЖСН-нің біреуіне ғана беріледі. Яғни, мамандандырылған ХҚКО-ға кезекке автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі көрсетілген жағдайда ғана тапсырыс беруге болады.
Осылайша, ХҚКО қызметкері сенім білдірілген тұлға туралы мәліметтерді арнайы ХҚКО-ға келген кезде кезекке қойған тұлғалар туралы деректерге өзгерістер енгізу қажеттілігінсіз алдын ала алады. ХҚКО-да (арнайы ХҚКО емес) кезекті брондау бұрынғы форматта қалады.
Telegram (EgovKzBot2.0), Вконтакте (Портал eGov.kz) және Facebook (Портал Egov.kz) чат-боттары арқылы кезекті брондау үшін, басты мәзірде "ХҚКО-да кезекті брондау" батырмасын таңдау қажет, одан кейін нұсқалардың бірін таңдау керек: кезекке тапсырыс беру немесе қайта брондау.
Сәтті брондау кезінде мессенджерге немесе чат-ботқа хабарлама түседі, егер мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, пайдаланушыға СМС-хабарлама келеді. Кезекті алдын ала брондауға тәулігіне бір рет рұқсат етіледі. Егер белсенді бронь болса, жаңадан брондау мүмкін емес, оны қайта брондау керек.