Нұр-Сұлтанда 1,5 миллиард теңгеге крематорий салынғалы жатыр

Нұр-Сұлтанда крематорий салу жоспарланған, ол қалалық бюджеттік бағдарлама жобасында қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтанда биыл крематорийді пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның мақсаты - зират аумағын азайту.

Оған бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге бөлінді.

Бұл жоба 5 тамызда жарияланды, ал қоғамдық талқыға 19 тамызға дейін уақыт берілген.

Алдында осы жылдың маусым айында Алматыда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталғаны хабарланған.