Латынға көшу мәселесіне арнайы комиссия құрылады

4
1986

Қазақстан-2050 стратегиясы

 

Астана. 04 ақпан. BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің алқалы жиынында министр Мұхтар Құл-Мұхамед мәлімдеді. Оның мәлімдеуінше, алдағы уақытта латын әліпбиіне көшу мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылады.

 

Елімізде қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе 1992 жылдан бері көтеріліп, жылдан-жылға қызу талқыға түсіп келеді. Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Жолдауында да «Қазақ алфавитін 2025 жылдан латын графикасына көшіруге дайындық жұмыстарын осы бастан қолға алған жөн» деп баса айтты.
«Қазір біз мемлекеттік комиссия құрып жатырмыз, комиссия құрамында ғалымдар, депутаттар, үкімет мүшелері болады. Комиссия Елбасы бегілеген мерзімде латын әліпбиіне көшу мәселесімен айналысатын болады», – деп атап өтті министр.
Латын әліпбиіне көшудің ақырғы мерзімі 2025 жыл. Сондықтан, оған деген дайындық жұмыстары бүгіннен басталып жатыр.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Биылғы жылдан қалдырмай таңдалып алынған әліпбиді халыққа жариялауымыз керек.Халықтың көзі үйреніп,іштей дайындыққа көше берсін. 2015 жылдан заңмен қабылданып,2025 жылға дейін екі жазудың қатар қолданылуына жол ашуымыз керек. Тек бір ұсынысым бар.Әліпбиді ауыстырады екенбіз ол жазу кампиутер мен ұйалы телефонда еркін қолданылатындай болғаны дұрыс әрі бір дыбысқа, бір әріппен таңбаланғаны абзал.Сондықтан перне тақтадағы 26 әріпті түгелдей алып,ондағы Ff-Ғғ, Hh-Ңң, Cc-Шш, Xx-Өө, Vv-Үү, Uu-Ұұ, Qq-Ққ, деп алынып тек і-ні бұрынғысынша бір нүктесімен,ал ә-ні а деп үстінен екі нүкте қойып қабылдасақ тарыдай шашыраған әлемдегі қазақтардың бәрімен еркін хабарласа алар едік. Ұлы Ұс-Алаш.

  2. Биылғы жылдан қалдырмай таңдалып алынған әліпбиді халыққа жариялауымыз керек.Халықтың көзі үйреніп,іштей дайындыққа көше берсін. 2015 жылдан заңмен қабылданып,2025 жылға дейін екі жазудың қатар қолданылуына жол ашуымыз керек. Тек бір ұсынысым бар.Әліпбиді ауыстырады екенбіз ол жазу кампиутер мен ұйалы телефонда еркін қолданылатындай болғаны дұрыс әрі бір дыбысқа, бір әріппен таңбаланғаны абзал.Сондықтан перне тақтадағы 26 әріпті түгелдей алып,ондағы Ff-Ғғ, Hh-Ңң, Cc-Шш, Xx-Өө, Vv-Үү, Qq-Ққ, деп алынып тек і-ні бұрынғысынша бір нүктесімен,ал ә-ні а деп үстінен екі нүкте қойып қабылдасақ тарыдай шашыраған әлемдегі қазақтардың бәрімен еркін хабарласа алар едік. Ұлы Ұс-Алаш.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз