ҰҚК генералы өз кабинетінде атылып өлді...

Күнде бір суыт хабар еститін болдық. 31 қаңтар күні кешкі сағат 20,00 шамасында ҰҚК Қазақстан шекара қызметі академиясының басшысы,  генерал-майор Талғат Есетовтың өлі денесі   өзінің жұмыс кабинетінен  табылды. Тексеру кезінде ол өз тапаншасынан атылып өлгені белгілі болды. Бұл мәліметті  Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті баспасөз қызметі де растады. Бұл оқиға туралы Бас әскери прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілуде. Осыданбір ай бұрын ғана ұшақ апатынан 27 әріптесімен бірге қаза болған Шекара қызметі басшысы Т.Стамбековты осы академия қабырғасында соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде басшылық жасап, жүгіріп жүрген 47 жасар генерал енді өзі де жұмбақ жағдайда  бақилық болды. Талғат Есетов бұған дейін  Мақаншы шекара отрядын,  Үшарал шекара отрядын және Жаркент шекара отрядын  басқарды. 2002 жылдан бастап «Солтүстік» аймақтық шекара басқармасының бастығы, 2009 жылы  ҰҚК шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. www.qazaquni.kz