Өткен тәулікте коронавирустық пневмониядан 17 кісі өлімі тіркелді
2020 ж. 05 тамыз
965
0
Өткен тәулікте - 4 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы анықталды, сондай-ақ одан 17 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
1 тамыздан бастап тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның жалпы саны: 8 054 жағдай, кісі өлімі - 86.
Денсаулық сақтау министрлігі тәулік бойына тіркелген статистика, коронавирус инфекциясын растаған ПТР нәтижелері, өлім-жітімдердің жалпы саны туралы ақпарат, сондай-ақ КВИ-ді растамаған ПТР тест нәтиежелері күнделікті форматта ведомстваның ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланатындығын хабарлайды.