Перуашев: 42 500 теңге жәрдемақыны төлеу жолдарын қайта қарау керек
2020 ж. 23 шілде
1842
0
Азат Перуашев: "42500 теңгені кім негізді, кім негізсіз алғанын сосын анықтай жатармыз, қазір ең бастысы - адамдарға көмектесу керек. Он жәрдемақы адасып кетсе де, бір отбасын аштықта қалдырмауымыз қажет"
Кім жәрдемақыны негізді, ал кімнің негізсіз алғанын сосын тексере жатармыз, қазір бастысы адамдарға көмектесу керек. Менің ойымша, бір отбасы ашыққанша, одан да 10 жәрдемақыны мейлі басқалар алсын, – деді Азат Перуашев кеше Сыбайластық жемқорлықпен күрес жөніндегі Агенттігі өткізген онлайн- брифингте.
Азат Перуашев 42 500 теңге жәрдемақы төлемдерін төлеуді қайта қарау керек деп санайды.
Оның айтуынша 42 500 теңге мәселесі адамдар үшін өте маңызды Өйткені көптеген адамдардың (әсіресе ауылдық жерлерде) күн көрісі ауыр, екіншіден, олар өздерінің ресми жұмыс істегенін дәлелдей алмағандықтан, оларға жәрдемақы төлеуден бас тартады.
Екіншіден, бұл адамдар қазір басқа жұмыс та таба алмайды, сондықтан да осы жәрдемақыны сұрағандардың бәріне беру керек.
«Қазір жаппай бермеу туралы бас тартулар келуде, олардың ішінде кәсіпкерлер де бар. Меніңше, бұл өте даулы және негізсіз бас тартулар.
Бір отбасы бала-шағасымен ашықққанша, одан да 10 жәрдемақыны басқалар негізсіз алсын. Алған жәрдемақыны қайтарып үлгереміз. Олар алатын ақша кейбіреулердің елден офшорға шығарған ақшадан көп емес. Адамдар жалақыдан жалақыға дейін күн көруде, табыссыз қалғанда біз оларға есеп беріңдер деп мәжбүрлейміз. Менің ойымша, 42 500 теңге жәрдемақыны төлеу жолдарын қайта қарау керек, – деп мәлімдеді Азат Перуашев.