Мұнайшылар ауруханаға оттегі концентраторын жеткізді

Көпбейінді провизорлық орталық тағы да 10 оттегі концентраторымен толықты. Бұл жолы құрылғыларды еліміздің құрметті мұнайшылары: Құрманғазы Исқазиев пен Ұзақбай Қарабалин тарту етті. Мұнайшылар аударған қаржыға Ақтаудан бөлек Жаңаөзендегі емханаға да он дана аппарат жеткізіледі.