Қызылорда облысында жедел жәрдемді шақыру 2 есеге азайған
2020 ж. 22 шілде
1126
0
Қызылорда облысындағы ауруханаларда инфекциялық стационарда 645 орын болса, провизорлық стационарда 1790 төсек орынмен қамтылған (барлығы 2435 төсек орын). Бүгінгі күні ауруханаларда бос орындардың саны – 820 (34 % бос орын). Яғни стационарларда орын тапшылығы жоқ, егер қажеттілік туындаған жағдайда жеке клиникаларды да оңтайландырып пайдалануға келісіміміз бар.
Аймақтағы емханалар жанынан құрылған 161 мобильді топтың халыққа тыңбай қызмет етіп, үйден емдеу шараларын қолға алғаны арқасында жазылып шыққандар саны артуда.
2020 жылғы 15 шілдеге дейінгі орындардың жүктемесі 77% қамтыған болса, 21 шілдеде төсек орындардың жүктемесі 66 % құраған. Яғни ауруханада ем алушылар саны 9 % азайған.
Жедел жәрдемді жалпы шақырыс 2 есеге азайса, дене қызуымен хабарласушылар 3 есеге, пневмониямен шақыртулар 2,5 есеге азайды. Қазіргі таңда шақыртулар саны тәулігіне 1200-1300-ді құрауда.
Аймақ бойынша емханалар жанынан құрылған барлығы 161 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде. Айта кету керек, бұған дейін мобильді бриагаданың саны 125-ті құраған.
Науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау жасау үшін мониторингтік топ ұйымдастырылып, оның 33-і қалада, 28-і аудан орталықтарында және 100-і елді мекендерде халыққа қызмет көрсетуде.
2020 жылғы 20 шілдеден бастап облыстағы эпидемиологиялық ахуал жайлы ақпарат алу үшін CALL орталығы жұмыс жасайды.
CALL орталығы 14 қызметкермен қамтылған және 24/7 тәртібімен, яғни тәулік бойы халыққа қызмет көрсетеді.
Қызылорда облысы бойынша 8-800-080-22-26, 40-00-01 CALL орталығына хабарласу арқылы және "Facebook" әлеуметтік желісіндегі #Oblystyq Jastar Densaylygy Ortalygy парақшасына хабарлама қалдыру арқылы эпидахуал жайлы ақпарат алып, керіс байланыс орнатуға болады.
Қоңырау тегін қабылданады.