Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

АТЫРАУ. 1 ақпан. Атырау облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіровті ұстады. Асқар Әбдіров облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің тобында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика салаларына жетекшілік етті. Басшылықтың ауысуы кезінде А.Әбдіров қызметінде қалды. Қазіргі уақытта облыстық әкімдікте бұрынғыдай әкімнің орынбасары қызметін атқарып жүрген Б.Рысқалиевтің жалғыз орынбасары қалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов, Атырау қаласының әкімі Асқар Керімов, облыстық департаменттердің бірқатар басшылары ұсталған болатын. 24 қаңтарда аймақтың бұрынғы басшысы Б.Рысқалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жарияланды.
ҚазАқпарат