Сөз синтезі технологиялары қазақ тілінде қолданылмақ

“Siri” және “Alexa” сияқты бағдарламалар қазақ тілінде сөйлегенін қалайсыз ба? Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары сөз тану және сөз синтезі технологияларын қазақ тілінде қолдану үшін қазақ тіліндегі дауыстық деректерді жинауды бастады. Бұл технологиялар “Siri”, “Alexa” және “Cortana” сияқты танымал виртуалды ассистенттерде қолданылады. Болашақта осы деректер жиынтығы қазақ тілінде басқа бағдарламалар/қосымшалар жасау үшін пайдаланылатын болады. Сіздің көмегіңіз өте маңызды. Ол үшін сілтеме бойынша өтіп, экранда көрсетілген сөйлемдерді қазақша дауыстап оқу жеткілікті. Неғұрлым көп сөз жиналса, соғұрлым тез бағдарламалар жасалады. Әр адам бірнеше рет қайтып кіре алады. Зерттеуге қатысу үшін сілтеме: https://issai.nu.edu.kz/kzspeechcorpus/