Азат Перуашев Арқалық ауруханасына тыныс алу аппараттарын сыйлады
2020 ж. 20 шілде
1299
0
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция жетекшісі, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев өткен аптада Қостанай облысының Арқалық өңірінде іс- сапарда болды.
Депутаттың айтуынша, дәл осы бағытты таңдаған себебі – тек ірі қалалардың ғана емес, сонымен бірге шалғай аудандардың да жағдайымен танысу қажеттілігімен байланысты болды. Арқалық, оның маңындағы ауылшаруашылық аумағы Қазақстанда шалғай жатқан өңір болып саналады. Арқалық теміржол магистралынан алыс орналасқан, автокөлікпен облыстық орталыққа дейін жөнделіп жатқан жолмен, шаң тозаңмен және шоқалақпен жүргенде 7 сағатқа жуық уақытты қажет етеді. Мұндай географиялық жағдайға қарамастан орталық мемлекеттік органдар назарынан үнемі тыс қалады.
«Егер Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары немесе облыс орталықтары үнемі қоғам назарында болса, ал шалғай жатқан ауылдарда адамдар әділетсіздікпен, қайғымен бетпе-бет қалып, ешкімге керек болмайды. Біздің басты міндетіміз – әрбірінің жүрегіне жету, олар жалғыз емес екенін және олардың мұқтаждарын тыңдайтынымызды жеткізу болып табылады. «Әр қазақ менің жалғызым» – деп іс- сапарының мақсатын осылай түсіндірді. Азат Перуашев жергілікті ауруханада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Дәрігерлермен және медициналық қызметкерлермен сөйлесіп, туындап тұрған мәселелермен танысты. Депутатпен сөйлескендер бұрын ауруханада дәрілердің жетіспеушілігі Денсаулық сақтау министрлігінің ауысуымен жойылған дейді. COVID ауруын жұқтырған науқастардың ауруханаға түсуі төмендеген. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер жеке қорғану құралдары мен жоғары қуатты жасанды демалу аппараттарына мұқтаж екендерін жеткізді. Іс-сапарға шығуға осы сұрақтар негіз болғандықтан, «Ақ жол» Демократиялық партиясының жетекшісі Арқалық ауруханасының басшылығына алып келген жеке қорғану құралдарын (қорғану костюмдері, маскалар мен қолғаптар), сондай-ақ, тиісті дәрежедегі үш жасанды демалу аппараттарының құжаттарын тапсырды. Аппараттар 27 шілде күні шетелден жеткізілуі тиіс. Азат Перуашев ауруханаға келушілермен сөйлесті, олар бұрын ауруханаға жатқызу кезіндегі бюрократиялық кедергілерге шағымданды. Міндетті түрдегі сараптамалардан өту, оның ішінде рентгеннен өту жайы сөз болды. Ауруханада жалғыз рентген аппараты жұмыс істейді, ол үшін тіркелу бірнеше күн бұрын жазылып қойылады. Ауылдық аудандардан өкпе қабынуы күдігімен келген қарт адамдар кезекке жазылу үшін рентген кабинетін іздейді, жазылған соң Арқалыққа рентген өтетін күні қайтадан келіп ем алу үшін өтуі керек. Олар барып-келу жолына екі-үш мың теңге жұмсайды. Қазіргі жағдай көрсеткендей, қазіргі өкпе қабынуы жылдам өршуде, сондықтан да ауруханаға жылдам жатқызу ауру адамның тез жазылуына көмектеседі. Көбіне қарт кісілер қолдарын сілтеп, ауылдарына үндемей қайтады, ауруханаға орналасып емделуді тоқтатады. Ал кедергілерден өткен емделушілер мемлекеттік көлемнің барлық шығындарды жаппайтынын, кейбір дәрілерді өздері сатып алатыны туралы айтты. Зейнеткерлердің зейнет ақысы басқа шығындарға жетпейді. Орта жастағы науқастардың да саны аз емес. Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішев екінші рентген аппараты қосылу үстінде екенін, жуық арада іске қосылатынын айтты. Ал енді ауруханаға жатқызу және ГОБМП көлемі бойынша мәселелер жергілікті дәрігерлер құзырында емес. Аурухананың бас дәрігері Нұрлан Ержанов облыс орталықтарынан 200-300 шақырымнан асатын алыс жерлерде орналасқан медициналық мекемелер үшін мемлекеттік сатып алу заңдылығына қажетті өзгерістер енгізуге кеңес берді: – Жабдықтың кішкентай бөлшегін шұғыл ауыстыру үшін бізге көптеген құжаттар толтыру керек, оларды облысқа келісуге апаруды қажет етеді. Жолмен барып-қайтуға 15-16 сағат кетеді. Келісу мен ескертулерді түзету үшін кем дегенде бір апта тағы жоғалтамыз. Ал осы кезде жабдықтардың жұмысы тоқтап тұрады, дәрігерлік сараптамалар, операциялар тоқтатылады, жұмыс кестесі бұзылады. Сондықтан да, қажетті түсініктемелер керек, мысалы, кейбір ауруханалар өздері шеше алатын қаражат сомалары бойынша нақты анықтама түсініктер керек. Депутат осы мәселелерді, оның ішінде, мемлекеттің және әлеуметтік медициналық сақтандыру тарапынан қамтамсыз етілетін дәрілер тізімін ұлғайту жөнінде Үкімет пен Денсаулық сақтау министрілігінің алдында көтеруге уәде берді. Азат Тұрлыбекұлы пандемия мен өкпе қабынуынан қайтыс болғандардың туыстарымен тілдесті, әңгіме өте ауыр және айқай жағдайында өтті. Кездесуге келген кейбір қатысушылар дәрігерлердің олардың туыстарына қарамағанын айтып, дәрілердің, ИВЛ-дің жоқтығын, шұғыл емдеу шараларының созылуын, мәйітханалардың нашар жұмысын сынады. – Шындықты айтыңыз, шындықты! Сендерді қарғыс атсын! – деп әйелдер бас дәрігерге шүйлікті. – Сізге өтірік айтады, қайтыс болған адамның сүйегін айқай-шумен аламыз. Аурухананың бас медбикесі Айгүл Мұқанбетжанова көзіне жас алса да, нық жауап берді: – Бұл шындыққа жатпайды, біз қолымыздан келгенін жасаудамыз. Әрбір адамның өмірі үшін арпалыстық, туғандарымыздай жанымыз ашыды. Әрбір адамның өлімі бізге де ауыр тиеді. Мәйітханаға қайтыс болғандардың сүйегін таза апарамыз, ол жерде қан да бар, иіс те шығады, өйткені мәйітхана ғой. Дәрігерлер түсіндіргендей, әңгіме болып тұрған емделуші ауруханаға өкпесінің 50% асқынуы және полиоргандық жетіспеушілікпен тым кеш түсті. Қолға алынған барлық реабилитациялық шараларға қарамастан, туысқандары ауруханаға жеткенше қайтыс болып кеткен. Көптеген қайтыс болғандарды жедел жәрдем хәл үстінде жеткізген, олар бірнеше сағаттарда қайтыс болған. Азат Перуашев қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол зардап шеккендердің өтініштері бойынша тексеруді және тексеру қорытындыларын беруді ұсынды. Сонымен бірге, барлығын сабырға шақырды: «Әбір қаза біздің қайғымыз. Ал адамдар бірінен соң бірі қырылып жатқанда, бұл – бір оқиға аясындағы қателік емес, бұл тұтастай емдеу жүйесіндегі қателіктер. Мен дәрігер емеспін, сондықтан да ешқандай ақыл айта алмаймын. Бірақ экономика мен статистиканы жақсы білемін. Осы тұрғыдан алғанда, коронавирус пен өкпе ауруларының бір мезгілде өршуі мен оның құрбандарының осындай үлкен көлемде болуы, осы дерттердің бір-бірімен тығыз байланыста және олардың жалпы табиғаты бірдей екенін көрсетеді. Осы індеттің емін бүкіл әлем болып іздеуде. Бұл бәріміздің ортақ қайғымыз. Бұл сөздер сіздерді жұбатпайтынын білемін, сіздермен қазір бүкіл ел, тіпті бүкіл адамзат бірге дер едім. Ерте ме, кеш пе шешімі табылады. Ал қазір ауырғандарды ауруханада төсек орнымен, дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен, көңілмен қамтамасыз ету керек. Оларды кабинеттерге жүгіртіп қоюды тоқтатып, оларды емдеу, құтқару керек, ең болмағанда қазіргі жағдайда түсіністікпен қарау керек». Азат Перуашев дәрігерлер мен медбикелерге де қолдау көрсетті: «Менің көргенім маған үлкен әсер етті. Сіздер өздеріңіздің отбасыларыңызды, жақындарыңызды ысырып қойып азаматтық ерлік жасап жатырсыздар. Осының бәрі басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін. Бүгін айтылған ауыр сөздер кімді болмасын жаралайды, дегенмен сіздердің ерліктеріңіз оның бәрін жоқ етеді». Сонымен бірге ол медициналық қызметкерлерді айтылған сынға түсінікпен қарауын сұрады: «Мен өтініштерді тексеруді сұрадым. Түсініңіздер, мұндай жағдайда кім болмасын шектен шығып кетуі мүмкін. Мұны адами тұрғыдан түсінуге болады, адамдардың қайғысына және олардың сезімдеріне түсіністікпен қарайық. Тексерулер барлық сұрақтарға жауап береді деп үміттенемін. Сіздерге темірдей жүйке, төзім мен түсіністік тілеймін. Сабыр етейік». Ауруханадан кейінгі кездесуден соң «Ақ жол» фракциясының басшысы қайырымдылық акциясын өткізді. Жергілікті дүкеннен 30 қапшық ұн мен қант, 20-ға жуық ыдысқа құйылған өсімдік майын, басқа тағамдар, сабын қораптары мен кір жуу құралдарын, өзге де бірінші қажетті тауарлар сатып алды. Қажетті тауарлар жинақталып бөлінген соң, А.Перуашев ауылдағы аз қамтылған көпбалалы отбасыларына апарып таратты. Акция барысында қазіргі кездегі көптеген мәселелер туралы әңгімелер айтылды. Отбасылардың тізімін «Ақ жол» Демократиялық партиясының жергілікті филиалы әзірледі.Депутат халықпен кездесті
Кездесу барысында адамдар 42 500 теңге жәрдемақыны алу мүмкіндігінің жоқтығына шағым жасады. Күлрайхан Молдабекованың күйеуі астана базарында сауда жасап, жұмыс істеген, тауар иесі ресми еңбекақы төлемей, тек күніне 2-3 мың теңге төлеп тұрған. ТЖ енгізілген соң, ол табыс көзінен айырылғанын дәлеледей алмады, артынан қатты ауырып қалады. Балалары мен ауру күйеуі бағу әйеліне жүктеліп отыр.
Тағы бір жағдай, көпбалалы ана Тайшина Мирамгүлді АСП алудан айырған, себебін өзі де білмейді. Айтуынша, табысы үшін сияқты (жұмысқа орналасқан), бірақ та жалақысының аздығы соншалықты, одан да жұмыстан шығып, балаларға арналған АСП алған жеңіл. Депутатпен бірге жүрген аудан әкімінің орныбасары Түбекбай Әубәкіров оны дүйсенбі күні бірден қабылдауына шақырды. Шақыруға әйел сенімсіздікпен қараса да, баруға келісті. А.Перуашев «Ақ жол» Демократиялық партиясының жергілікті филиалының басшылығына көпбалалы отбасына хабарласып, оның мәселесінің шешілуін бақылауды тапсырды. Ауылдықтар тіпті олардың жәрдемақы алуға құқылары барын, қалай өтініш беру керегін білмейді, билік органдарынан көмек талап етуге шешілмейді .Сондықтан да қалай болса солай күн күреді. Осыған байланысты депутат әкімдік өкілінен мұқтаж отбасылардың тізімінің барын сұрап білді, оларға құжаттарын дайындауға көмек беріле ме деген сұрақ қойды. Әңгіме барысында мәслихат хатшысы Гүлбану Ертаева көптеген жерлестерінің қиын жағдайын жақсы білетінін жеткізді. Дегенмен шенеуніктер мұндай отбасыларының ауыр жағдайын, олардың мәселелерін өз деңгейінде шеше алмағандықтан көнген сыңайлы. Бірақ та анықталғандай, ниет болса көптеген көмек түрлерін ұсынуға болады. Мысалы, әйелі бір апта бұрын қайтыс болған, алты баламен жесір қалған Серік Бажановпен болған әңгіме кезінде Азат Перуашев жұбату сөзінен кейін тұнжыраған, бірақ мықты адамнан қандай көмек керегін сұрады. – Мен Арқалықта жұмыс істеймін, үлкен балаларым студент, ал кішкентай төрт баламды өздерін жалғыз қалдыру қорқынышты. Қалаға көшейін деп едім, сол жерден қандай болса да баспана табылса. Бұған басында жергілікті басшылықтың көзқарасы біржақты болды, оның қалада тіркелмегенін, кезекке қою мүмкін еместігін алға тартты. – Сіз айтып тұрған кезек бойынша олар баспана ала алмайды, оны кем дегенде он жыл күту керек – деді депутат. Бірақ қазір Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі “5-10-20” бағдарламасын іске қосып жатыр. Көптеген өңірлерде әкімдіктер бұрынғы бағдарлама бойынша да азаматтарға алғашқы жарна үшін сертификаттар беруде. Осындай жағдай үшін қандай болмасын бір қадам жасау қажет шығар, мен бұл мәселені банк төрайымы Ләззат Ибрагимовамен талқылайын,- деді. Гүлбану Елтебаева мұндай қадамның әлдеқайда келешегі барын, осындай жағдайлар үшін банк пайыздық мөлшерлемені 2%-ға дейін төмендету мүмкін болатынын айтты. Оның үстіне ұлы студент, қалада тіркелген. Осылай мәслихат хатшысы да бұл мәселенің шешілуіне қызығушылық танытты. Көмек алған адамдардың толқуларын байқамау мүмкін емес . – Бізге, балаларымызға бұл көмек көпке дейін жетеді, күйеуім жұмыссыз қалды, АСП алмаймыз, үлкен рахмет, дер кезіндегі көмек болды! Қазір тамақ пісіремін, балалар тәттіні бөліп алды, – деп қуанған Айнұр Хасенова алғысын жаудырды. Басқалар көмекті көздеріне жас ала отырып, қарсы алды. Көп адамдардың жұмысы жоқ, кейбіреулері қартайғанда қалай өмір сүреміз деген қорқыныштарын білдірді, зейнетақы үшін қаражат жинау керек қой. Азат Перуашев керекті сөздер тауып, оларды қолдап, тыныштандырып, шешімдерін іздестірді. – Сіздердің байлықтарыңыз да , сіздердің жинақтарыңыз да – ол сіздердің балаларыңыз. Үлкен азамат болсын, дендері сау болып өссін, табыстарға жетсін, сіздерге тірек болсын, сіздерді қуантсын -деп жұбатты. Ол балалармен де сөйлесті, әрқайсысымен танысып, олардың келешек мамандықтары туралы сұрады. Ұл балалар арасында келешекте офицер боламын дегендер көп болса, ал қыздар қазіргі әлеуметтік бейнероликтердің ықпалымен дәрігер болғылары келеді екен. – Бұл ең басты және ең керекті кәсіп – деді фракция көшбасшысы және бірде-бір бала депутат болғысы келмейтінін айтып, әзілдеді. – Міне біздің болашағымыз, біздің үмітіміз, – деді ол үлкендерге қарап. -Кез-келген сынақ бір күні кетеді . Мың өліп, мың тірілген қазақ елі аман болсын. Сіздер жалғыз емессіздер, сіздермен бүкіл ел бірге, олар сіздер туралы біледі, сіздерді мына қайғымен жалғыз тастамайды. Берік болыңыздар, өздеріңізді ұстаңыздар, балаларыңызды сақтаңыздар, оларды лайықты азамат етіп өсіріңіздер. Біз сіздермен біргеміз, мықты болайық, тағдырларыңызға ортақпыз. Көпбалалы отбасыларды аралаған кезде Мәжіліс депутаты осы адамдардың өмірлік күш-қуатын, өмірге деген құштарлығын, ұмтылысын атап өтті. Мысалы, Жұлдыз Ермурадова күйеуімен 5 жыл бұрын үйлері өртеніп кетіп, содан бері үй жалдап тұрады екен. Күйеуін жұмыста өндіріс төмендеген соң, карантин алдында өзінің өтініші бойынша арыз жаздырып, жұмыстан кетуге мәжбүрлеген. Сондықтан да жәрдемақы алуға үміті болмады. Жұлдыздың өзі үйде отырып табыс табады. Олардың басты қамқорлығы мен қызығы – балалары. Тұрақты табыстың жоқтығына қарамастан 4 балаға қашықтықтан сабақ оқу үшін бір телефон сатып алды. Жұлдыз мектеп мұғалімдеріне, жалпы кестемен емес, оның балаларымен үйдегі жалғыз телефонға байланысты жеке шұғылдануға келіскеніне рақметін білдірді. Мұндай жеке сабақтар түн батқанға дейін созылады, шынында да мұғалімдердің шыдамдылығы мен жанашырлығына сүйсінуге болады. «Күйеуімнің жұмыстан босатылуына байланысты отбасымызбен мал бағуды жоспарлаймыз, «Даму» бағдарламасы бойынша оқудан өттім, енді несие алуды армандаймын» -дейді.Оқушыларды компьютермен қамту мәселесі көтерілді
Барлық балалар үшін бір телефон проблемасы мен мектеп мұғалімдерін қолдау туралы Гүлфайрус Бралина да айтты. Ал әйелі қайтыс болған Серік Бажанов аз ғана жалақысына қарамастан несие алып, мектепте оқитын балаларының бәріне телефон алып берген. Осы тұста, осыдан бір ғасыр бұрын 1914 -1919 жылдары жұмыс істеген британ инженері Джон Уилдорф Уорделдің «Қазақтар өзінің табиғатында қандай сезімтал халық десеңші, балаларын сондай жақсы көреді, …білімге деген құлшыныстары зор» («В казахских степях», с.366) деген сөздері еріксіз еске түседі. Азат Перуашев «Ақ жол» филиалына осы отбасыларды компьютер немесе телефондармен (интернеттің болуына қарай) қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды тапсырды. Өйткені, жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтықтан оқыту форматында жүргізілетіні белгілі.«Торғай Ет» ет өңдеу кешенінің жұмысымен танысты
Бизнес партиясының көшбасшысы өндірістік нысандарға да ат басын бұрды. А.Перуашев Арқалық ТЭЦ реконструкциясы жұмыстарының барысымен танысты. Осы жұмыстарға облыс басшылығы 8 млрдтан астам қаражат бөлген. Карантиндік шектеулерге қарамастан келесі жылы аяқтау жоспарланған. Арқалық ТЭЦ-ін мазуттан шұбаркүл көміріне ауыстыру көзделген, ол едәуір шығындарды төмендетеді және өңірдің өндірістік әлеуетін дамыту үшін резервтік қуаттылығын арттырады. Депутат жоба басшыларымен танысты, оның маңызын атап өтті.
Азат Перуашев әсіресе, «Торғай Ет» ет өңдеу кешенінің жұмысына қуанды. Компания жоғары сапалы ет өнімдерінің көптеген түрлерін шығарады, экологияны сақтауға бағытталған жоғары стандарттарды қолданып, ет өнімдерінің бірегейлігін сақтауға тырысады.
– Торғай даласының географиялық ерекшеліктері мал шаруашылығына қолайлы және басымды мүмкіндіктерге ие – деп атап өтті фракция жетекшісі.
–Бүгінде көптеген елдер қазақтың етін сатып алу үшін шекараларын ашуда, оның ішінде, жылқы етін Жапония сатып алмақшы.
«Торғай Ет» директоры Расұл Мұқановпен ет өндірісінің толық циклын қолдау, мал бордақылау, жем-шөбін дайындау және экспорттық жеңілдіктер бойынша керекті шараларды талқылады. Сапардың тағы бір бағыты – дәріханаларға бару болды. А.Перуашев әкімдіктен еріп жүретін адамдарсыз, өзі баруды жөн санады. Арқалық қаласының әкімі дәрілердің жетіспеушілігін мойындады. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің мәселені «толықтай шешу» туралы есептеріне қайшы келсе де, құрметке лайық шындық еді.Барлық дәріханалардың алды ұзын-сонар кезекке толы, олар ғимарат аумағына орай әлеуметтік қашықтық талаптарын қатаң орындауда. Кіре берістерінде: “Парацетомол, Лидокоин, Цефазолин, Аскорбиновая кислота ЖОҚ” деген жазу жазылған. Дәрілердің кейбір атаулары сызылып, кейбіреулері бұрынғылардың үстінен жаңадан жазылған. Азат Перуашев қаланың әр жеріндегі 3 дәріханада кезекте тұрып, тұтынушылар мен сатушылармен сөйлесті. Дәріханашылар “СК-Фармацияның” мемлекеттік мекемелерді жеткізу туралы мәлімдемесіне наразы: – Бізге өзіміздің Қазақстанның азаматтары ғой келетін. Неліктен оларға дәрі жетпейді? Олардың кінәсі не? Біз дәрі-дәрмек беруді сұрамаймыз, біз оларды “СК-Фармаксиядан” сатып алуға дайынбыз. Қазір нарықты толықтыру керек, дүрбелеңді төмендету керек. Мемлекеттен дәрі-дәрмек алу үшін адам ауруханаға баруы керек, оның ауруханаға дереу қабылдауы өте қиын. Бірақ, олар емделуі керек. Содан соң олар бізге келеді, ал біз көмектесе алмаймыз. Егер аймақтық ұйымда дәрі-дәрмек болса да, біз оны сатып тауыссақ, олардың орнын толықтыруға кемінде төрт күн қажет. Адамдар кейде екі-үш күнде о дүние болып кетуде.
Халық бағаның қымбаттағанына қарамай дәрілерді сатып алуда. Әкесін, анасын құтқару үшін несие алғандар да бар. – Сіздер үстеме баға қоймайсыздар ма? -деп сұрады А.Перуашев. – Арқалық сынды кішкентай қалада біреудің қиындығын өз пайдамызға жарата алмаймыз. Бәріміз бір-бірімізге туыспыз, көршіміз, сыныптаспыз. Қазір бағаның тұрақталғаны жақсы болды. “СК-Фармация” үстеме бағамен басқаларға сатты деген сыбыс бар. Одан да жеке дәріханаларға ресми бергені жақсы еді. Ауылды жерлерден келетіндер де бар, олардың қолында не дәрігердің рецептісі, не тағайындаған емі жоқ. Бізде керек дәрілері болғанымен, оларға сата алмаймыз. Айқай-шу болып, көз жасын төгеді, бірақ біз емес мұны ойлап тапқан. Олар емханаларға тіркеусіз барып, ем тағайындауын сұрай алмайды. Депутат мырза, жағдай осылай, өте қиын. Жоғары жақтан тезірек шешіңіздер, адамдарды қинамаңыздар! – деп дәріханашылар Перуашевқа тапшы дәрілердің тізімін берді.– Мүмкін, біз Денсаулық сақтау министрлігіне дәріханаларда емді тағайындау үшін жылжымалы терапевтік пункттер орнатуды ұсынамыз. Ал «СК-Фармация» жекеменшік дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізуді пысықтауы керек, – деді «Ақ жол» басшысы.
Сапар соңында Азат Перуашев 1923 жылы большевиктер өлтіріп, басын кескен жергілікті ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Кейкі батырдың кесенесіне барды. Ұлт батырының бас сүйегін Ресей үкіметі Қазақстанға 2016 жылы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің бастамасымен қайтарып берді.