Фирдауси ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде
2020 ж. 16 шілде
1525
0
Мақтаарал ауданындағы су басқан Фирдауси ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекенде 302 үй 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісім-шартқа тұрған.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.Келісім-шартқа тұрған үйдің барлығына 1 транш бойынша 17 миллион теңгенің 50%-ы аударылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жаппай жүруде. Сондай-ақ, 2 транш бойынша 2 үйге жоғарыда аталған қаржының 25%-ы аударылған.
Қазіргі таңда 266 үйдің іргетасы қаланып, 138 үйдің қабырғасы өрілуде. Сонымен қатар, 19 үйдің шатыры жабылған.
Бұдан бөлек, 36 үйдің құрылыс алаңы дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін ретке келтірілген. Осы уақытқа дейін ауылда 314 үйге бұзу жұмыстары жасалған.
Жалпы Фирдаусиде 1093 құрылысшы 24 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұған дейін Өзбекстан Республикасы тарапынан фердаусилықтарға үйлерді бұзу үшін арнайы техниклар көмек берген болатын.
Айта кетейік, Фирдауси ауылы 1981 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1357 гектарды, оның ішінде егістік жердің көлемі 1279 гектарды құрайды. 2377 тұрғын тұрады.
Ауылда 1 мектеп, 1 балабақша, 1 медицина пункті бар. Сонымен қатар, 182 шаруа қожалығы, 2 мал бордақылау алаңы, 2 сауда нүктесі,1 мақта түту цехы мен 1 диірмен жұмыс жасайды.