Қайтадан қатаң карантин енгізілді
2020 ж. 05 шілде
900
0
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады. Қолданылатын шаралар бойынша, елдер тізімін көбейтпей, халықаралық және өңірлер арасындағы әуе, темір жол қатынасын шектеулермен сақтау, қалааралық жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату, қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу қарастырылған. Сол сияқты ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық ісшараларды, отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу, тұрғындардың көшелерде, саябақтарда 3 адамнан артық серуендеуін, 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу, ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету қарастырылған. Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азықтүлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, діни нысандар, ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері жұмысына уақытша тыйым салынады. Мемлекеттік органдардың, кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлері кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауға міндетті. Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметі, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметіне рұқсат етілген.Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаса ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары, үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруа шылығы, балық шаруа шылығы және мал шаруашылығы жұмыстары, халық қа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктердің жұмыс істеуіне болады. Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.
qazaquni.kz