Валентин күнің құрысын!

3
2810

                        

 

    Рим императоры II Клавдий тұсында жас жігіттер әскери қызметтен шеттетілу мақсатында ерте үйленіп алатын. Мұндай айлакерліктің алдын алу үшін әскерден бұрын үйленуге тыйым салады. Сонда Валентин деген оңбаған жас жігіттерді құпия түрде некелестіріп отырған. Алайда, оның осы әрекеті әшкереленіп, 14 ақпан күні басы шабылған. Римнің Геласуис деген императоры 14 ақпан «әулие Валентин» күні деп жариялады. Сөйтіп, көпқұдайшылардың католик христиандарының мерекесіне айналды.         

Соңғы жылдары осы 14 ақпан Валентин—күні деген мерекені тойлап өту дәстүрге айналып барады. Жастарымыз оның түбіне үңілместен, яғни шығу тарихына, тағылымына барып жатпастан, есі кетіп елеріп, ғашықтар күні сезімімді қызыма білдіріп қояйын деп гүл сатып алып жанталасып жүргендері. «Әулие Валентин» атанған адамның кім екендігіне де, оның шығу тарихына пысқырып та қарамайды, тіпті еш назар аудармайды. Басты білетіндері—ғашығына гүл сыйламаса болмайды, өйткені осы күнді жыл он екі ай асыға күтеді, олар үшін «ғашықтар күні». Осылай сәнге айналған «Әулие Валентин» күні арқылы біз қайдағы біреудің көшіне жөнсіз ілесумен келе жатқан арқандағы итке қатты ұқсаймыз. Былай тартса былай жүріп, олай тартса олай жүруге дағдыланып алғандаймыз.

Сөз жоқ, махаббатта ұлт болмайды, бірақ ұлттық дүние-танымымызға мүлдем жат, табиғаты бөтен, салт-санамызға қайшы католиктің былыққа толы мерекелерді біздің қоғамға тереңдеп енуіне бөгет жасаудың орнына бөркімізді аспанға атып қуанып жастармен жағаласып ересекетерде тойлап жатырмыз. Тек қана Астана мен Алматы қалаларында емес, басқа да облыс орталықтарында қаптап кеткен «қызыл жүректерге» тұнған, көшедегі жарнамалардан бастап кішкентай сыйлықтар толып кетеді. Бірін-бірі жаңа көргендей қуанып, жүрек кейпіндегі ашық хаттарды жолдаған бүгінгі қыз-жігіттер үшін осы күннен асқан күн болмайды. Осы күні мөлдір махаббатқа арналған жыр шумақтар, әртүрлі өлеңдер «Я тебя люблю», «I love you» деген секілді сөздер ұранға айналғандай.

Өткен жылы осы 14 ақпан күні қолдарында гүлі бар көшедегі кетіп бара жатқан екі қазақтың қызынан «Бүгін қандай күн»–деп сұрадым. Еш мүдірместен «день Валентина день влюбленных» деп жауап берді. «Ой айналайын қарындас ол қазақтың мерекесі емес, оны қалай тойлайсыңдар?»–деген сұрағыма, «Вот артта қалғанский, даже не знаеть чье за праздник мамбет, тормоз» деп қасымнан өте шықты. Олар кешегі өткен Қозы Көрпеш Баян Сұлуды, Еңлік пен Кебекті, Ләйлі мен Мәжнүнді білмеуі де мүмкін, тіпті білгілері де келмейтінге ұқсайды. Қазіргі қазақтың жаңа өскелең ұрпағы үшін Валентинді білмеу—үлкен ұят саналады.

Кейде осы қазіргі жастарға таң қаламын, көшеде тым жақсы қол ұстасып кетіп бара жатқан қызбен жігіт тұра қалып сүйісіп жатады, адамдар өтіп жатыр, ұят болады-ау деген түйсік жоқ. Бізде жас болғанбыз, бірақ көшеде қызбен сүйісу бұлай тұрсын, сөз айтуға ұялатын едік, егер абайсызда, қыздың қолына қолың тиіп кетсе дірілдеп кететін. Қазір болса ішкі сезімдерін жігіттер емес, қыздар білдіретін болған. 14 ақпан «Махаббат күні» бұл үшін таптырмайтын күн. Ғашықтарына құттықтау қағазын, гүл. т.б. сыйлық жасаған жастар Астана қаласының барлық кафелер мен мейрамханаларда, қонақүйлерде ине шаншар орын болмайды, ол үшін алдын ала тапсырыс беру қымбаттырақ болады. Осы күні жеңілдіктер көптеп жасалады, содан барып жастар тойламағанда қайтсін? Соны мәртебе санайтындарда бар.

Сауда орталықтары мен шағын дүкендерде арақ-шарап, кәмпит-тәттілер өзінен-өзі қымбаттап кетеді, гүлдердің бағасы аспанға ұшады. Сонымен қатар сол күні «табыс көзі» күні десе болғандай. Ең сорақысы—бұл күнді атап өту студенттермен ғана шектелмейді, мектеп қабырғасынан бастап, балабақшаға дейін «іске кіріседі». Тап осы күні мектептерде түрлі көнцерттік шаралар мен би кештері ұйымдастырылса, бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндер бір-біріне жүректің суреті бар сыйлық жасайды. Тіпті оны өз қолдарымен да жасап сыйға тартулары мүмкін. Осы күнге байланысты Астана қаласының туристік фирмалар мен компаниялар да өз клиенттері үшін жеңілдіктер жасаған. Радио мен телеарналардан да жарнама беруге келгенде алдарына жан салмайды. Соңғы уақытта елімізде қаптап кеткен телеарналар қызыл-жасыл дүниені көп көрсетеді. Телеарналардың басшыларының басым бөлігі  өзге ұлт өкілдері мен қазақшадан мақұрым мәңгүрттер. Қазақ халқының мүддесін қорғайтын ешқандай бағдарламалар жоқтың қасы. Қазаққа қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатқандай көрінеді маған.

Ресми Ашхабат пен Ташкент әулие Валентин күнін атап өтуді заңға қайшы деп жариялаған. Валентин күніне арналып сатылатын барлық тауарларға да тыйым салынған. Заңдарында сол күні ешқандай концерттік іс-шаралар болмасын делінген. Түріктектес халықтардың ішінде қазақтан басқа ешқандай халық бұл күнді тойламайды. Сондықтан елімізге Батыстан келген ақпараттық ағымға қарсы бәлкім, қатаң заң шығару керек сияқты.

                                                                                 Жұмамұрат Шәмші

                                      тарих ғылымдарының кандидаты

3 ПІКІРЛЕР

  1. Айналайын Жұмамұрат Шәмші осы сенің мақалаңды оқыған сайын төбем көкке бір елі жетпей жатады. Нағыз қазақи дүние таным тұрғысында жазады екенсің маған өте қатты ұнайды жазғандарың. Үнемі оқып жүремін. Немереме оқы десем, оқиды бірақ түк түсінбейді. Ол шала қазақ қайтем енді. Егер түсінсе ғой шіркін ай. Ішім кәдімгідей өртеніп барады.

  2. Жұмамұрат інім, жазғаныңда кемшілік жоқ. Жазғаныңды оқыйтын көз, тыңдайтын құлақ
    табылса ? ! Біздің мәңгүрт – көзқаман билікке Ашхабат пен Ташкент үлгі емес, олардың
    сиынатын бұттары – Мәскеу ! Аққұлақтар не тойласа, бұлар соны көшіретін xerox. Өзде –
    рінде қазақы ми (Ыдырысов, Ертісбаев т.б.) болмағасын қайтеді ? Осы Валентин күні
    туралы талай адам өз пікірлерін білдірді. Көктем айларында Қозы Көрпеш – Баян сұлу
    күнін тойлау туралы. Мәңгүрттерге Баяннан көрі Валентин тумалары жақын. Көзқаман –
    дардан құтылмайынша, қазақтың бақыты ашылмайды. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін
    аксиома !

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз