Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

0
355

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантинт режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК – 2778 теңге / 30 АЕК – 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», – деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Еске салайық, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.

Айта кетейік, Еуропа елдері коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастыруда. Еуропада инфекцияның таралу деңгейінің азаюына қарамастан, көптеген мемлекеттің билік органдары азаматтардан бұрынғыдай маска киюді және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтауды талап етеді. Ережені сақтамағандарға айыппұл салынады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз