Алматыдан 200 шақырымдай жерде 6,6 балдық жер сілкінісі болды

28 қаңтар күні   түнгі он жарымдар шамасында Алматы қаласы тұрғындары төсектерін шайқап жіберген жер сілкінісі  дүмпуінен орындарынан атып-атып тұрды. Алаңсыз түрік сериалы "Көкжалдар мекенін"  көріп жатқан елдің  біразы абдырап қалды, біразы далаға атып шығып, көліктерін паналады. Үй шамдары 15  минуттай шамасында  шайқалып, жиһаздар дірілдеп тұрды. Бір сағаттай далада жүргендер  қорқыныш басылған соң ғана  үйлеріне кіріп, жайғаса бастады. КазТАГ-тың хабарлауынша "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның" мәліметі бойынша  Алматыдан  оңтүстік шығысқа 225 шақырымдай жерде 6,6 балдық жер сілкінісі болды.Ол Алматыда 4-5 балл деңгейінде тіркелді. Одан соң сол маңайда 23,09-да 4,5 балл, 23,12-де 4,7 балл жер сілкінісі болған. Ал 23,31-де Алматыдан оңтүстікке 225 шақырым жерде 5,1 балл жер сілкінісі сезілді. Кеген мен Нарынқолда бұл 2-3 балл дәрежесінде әсер еткен.
 
Қытайдың сейсмикалық орталығы сайтының мәлімдеуінше 28 қаңтар Астана уақыты бойынша сағат 22.38-де солтүстік ендік 42,6 градус және шығыс болйлық 79,7 градус маңында 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Картадан байқауымызша жер дүмпуі болған аймақ Нарынқол маңы екенін көрсетуде. Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар  жоқ. Бір Алла өзің  сақтай гөр!

Қ.Сейхуни

www.qazaquni.kz