Нұр-Сұлтандағы бір даңғылды жөндеу үшін Қытайдан 91 миллиард теңге қарыз алынбақшы
2020 ж. 01 шілде
2424
0
Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылын қайта жөндеуге 91 миллиард теңге жұмсау жоспарланған. Бұл туралы үкіметтің «Мемлекеттік кепілдендірілген несиелерден қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына енгізілген өзгерістер жобасында айтылған, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Жобаны жасаушы - ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Жоба аясында "Қабанбай батыр даңғылын Салтанат сарайы сарайынан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін көлік торабын салу" жоспарланған.
Құжатқа түсіндірме хатта жобаның жалпы құны 91 миллиард 699 миллион 733 мың теңгені құрайтыны айтылған.
Қарыз алушы - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы. Потенциалды несие беруші - Қытайдың Экспорт-импорт банкі.