Халыққа медициналық көмек көрсету үшін 3 мыңға жуық мобильді бригада құрылады

0
276

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой атап өткендей, қалыптасқан жағдайда пациенттер үшін үйде медициналық көмек көрсету барынша қауіпсіз шешім болып табылады.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы мақсатта, министрдің айтуынша, амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қашықтан жұмыс істеу форматына көшіріледі. Осылайша, учаскелер деңгейінде шамамен 3 мың мобильді бригада құру жоспарлануда. Олар медициналық қызметкерлердің пациенттерге үйге баруын, COVID-19-ға тест алуын қамтамасыз етеді, пациенттерге кеңес беріп, ем тағайындайды, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді, сондай-ақ пациенттің жағдайына қашықтан мониторинг жасайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз