Аида Балаева жаңа комитеттің атқаратын жұмысы туралы айтты
2020 ж. 29 маусым
1294
0
Этносаралық келісімді қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту және Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі міндеттерді шешу үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет құрылды. Оның жұмысының басты бағыты этносаралық салада мемлекеттік саясатты ілгерілету болды.
Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халықпен есептік кездесуінде айтты, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Министрдің мәліметінше, жалпы ұлттық бірлікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жетілдіруге ғылыми көзқарасты қамтамасыз ету үшін Министрлік жанынан қолданбалы этносаяси зерттеулер институты құрылды.
«Министрліктің Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылын жетілдіру аясында «Қоғамдық келісім» мекемесі атқарушы органдардың қарауына беріледі. Бұл құрылымдар этникалық топтармен өзара іс-қимылды тікелей ұйымдастырады», - деді А. Балаева.