Латын әлiпбиi негiзiндегi қазақ әлiпбиiнің бір мысалы
2020 ж. 01 маусым
740
0
"Қазақ үні" редакциясына Жанат Аймағанов есімді авторымыз хабарласып, латын әліпбиіне қатысты өз мысалдарын жіберіп, оқырман пікір алмасу үшін мақаласын жариялауды сұрады. Автордың көзқарасы мен редакция ұстанымы сәйкес келмеуі мүмкін.
***
Áá, Óó, Ýý, Úú әріптерін басу үшін бірінші апостроф ‘ сосын қажет әріп
Аа-Aa
Әә-Áá name of letter is soft [ei]
Бб-Bb
Вв-Vv
Гг-Gg
Ғғ-GHgh
Дд-Dd
Ее-Ee
Ёё-алып тастау
Жж-Jj
Зз-Zz
Ии-IY iy-қазақ сөздерiнде
-Ii-орыс тiлiнен енген сөздерде
(министр-ministr, диск-disk)
сиыр-siyyr, тиын-tiyyn
Йй-Yy, Ii сөздің сoңында, ортасында Айтуар-Aytuar,егер й әрпі Ә,Ө,Ү,Ұ ден кейін тұрса, онда і жазамыз Үй-Ýі, күйініп-kýiinip,арай-aray, Бурабай– Burabay,Айыртау-Aiyrtau, Қайыр – Qaiyr, шынайы - shynaiy i- й, y- ы (өйткені аи, ои, уи, еи, буындар қазақ сөздерiнде кездеспейдi)
Кк-Kk
Ққ-Qq
Лл-Ll
Мм-Mm
Нн-Nn
Ңң-Ng, ng name of letter is long [en](маркетинг-marketing, аң-ang)
Оо-Oo
Өө- Óó name of letter is soft [ou]
Пп-Pp
Рр-Rr
Сс-Ss
Тт-Tt
Уу-Uu
Үү- Ýý name of letter is soft [wai] Ýkimet,Ýki, Ýsh, жүр-jýr, шүйіліп-shýiilip
Ұұ- Úú name of letter is hard [ju:]
Фф-Ff
Хх-Hh
Һһ-алып тастау
Цц-алып тастау(конференция-konferens, станция-stansiya)
Чч-CHch
Шш-SHsh
Щщ-алып тастау
Ъъ-алып тастау
Ыы-Yy Almaty, Atyrau, былтыр-byltyr, Ырысты -Yrysty, сыю-syyu,
Ii-Ii
Ьь-алып тастау, бiрақ үндестiк
Заңына сәйкес қолдану қажет
(Tatiyana, Kuzma Grigorievich)
Ээ-алып тастау,бiрақ үндестiк....
(elektronika, emissiya)
Юю-YU yu Южный-Yujny, бiрақ қазақшада үндестiк заңына сәйкес қолдану қажет: аю-ayu, сүю –sýiu, тию – tiyu, menu, budjet shetel tilderinen sózderge ereje qajet
Яя-YA ya Яковлев-Yakovlev, бiрақ қазақшада үндестiк заңына сәйкес қолдану қажет: Ұя-Úia, Ұят-Úiat, Яғни-Yaghniy
Әрiптердi қолдан жазу үлгiсi:
Aa Áá Bb Cc Dd Ee Ff Gg Hh Ii Jj Kk Ll Mm Nn OoÓó Pp Qq Rr Ss Tt Uu Úú Vv Ww Xx Yy Ýý Zz бұл әріптерді басу үшін EnglishUS, USA International keyboard QWERTY орнату қажет.
Латын әлiпбиi негiзiндегi қазақ әлiпбиiнiң кейбiр түсiнiктемелерi.
- И-әрпi жазылуының мысалдары:
- a) IY- қазақ сөздерiнде. Мысалы: ит-iyt, жиек-jiyek, Иса-Iysa, қи-qiy, жи-jiy, тасиды-tasiydy, ки-kiy, киiм-kiyim, жиырма-jiyyrma,тию – tiyu, ...
- b) I- орыс тiлiнен енген сөздерде. Мысалы: министр-ministr, станция-stansiya, Илья- Iliya, цикл-cikl, Владимир-Vladimir, кино-kino, Анатолийде-Anatolide, профилакторий-profilaktori, radio, signal..., ...
- I-әрпiнiң қолданылуы:
- a) iн-in, iрiмшiк-irimshik, iлгерi-ilgeri, үйретуi–ýiretui, сiлекейi - silekeyi, үшеуi– ýsheui, бұйрық-búiryq, үйіп-ýiip, sýiu- любить, сию-siyu (дәретке отыру),…
- b) ь және ъ орнына үндестiк заңы бойынша қолданылады. Мысалы: съезд-siezd, разъезд-raziezd, Татьяна-Tatiyana,...
- a) Бұл әріпке реформа жасауға болады : meng-родинка, men-я, keng-объемный, ken-руда, en-внедряться, eng-самый, шаңғы - shanghy, дөңгелек - dongelek, таңертең - tanerteng, бұлаңдау - búlandau, кеңес - ken Сыпайы түрлерде : alynyzshy, beriniz, qosynyz т.с.с ng орнына n әрпін жазу. Бұл ереже әлем тілінде біздің жазуымызды және оқу ережесін жеңілдетеді. ң- әрпіне бітетін тек түбір сөздерде: аң - ang, таң – tang,...
- Ц-әрпiн алып тастау.
- Ё, Һ, Ц, Щ, Ъ, Ь, Э әрiптерiн алып тастау. Монтёр-montyor, қаһарман-qa harman, ащы-ashy, тұщы-túshy, пальма-palma,...