Алматы облысының әкімі коронавирус жұқтырды
2020 ж. 22 маусым
1015
0

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстың баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Өкінішке қарай, коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы ПЦР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Коронавирус симптомдары байқалмайды", - деп жазды ол.
Оның айтуынша, енді Амандық Баталов оқшауланып, ем алып, қашықтан жұмыс істейді.