Елімізде тағы 5 сырқат коронавирустан қайтыс болды
2020 ж. 19 маусым
700
0
Қазақстанда коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz порталына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында - 1988 жылы, Қарағанды облысында - 1956 жылы, Алматы қаласында - 1962 және 1965 жылы және Ақмола облысында 1980 жылы туған 5 ер адам қайтыс болды.
Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді.
Қазақстан бойынша барлығы 105 адам коронавирустан көз жұмған.