Елімізде тағы 9 науқас коронавирустан көз жұмды
2020 ж. 18 маусым
772
0
Қазақстанда тағы 9 науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Coronavirus2020.kz мәліметінше, бұл жағдайлар елордада, Шымкентте және Алматыда тіркелген.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 1964, 1952, 1951, 1938, 1950 жылы туған әйелдер және 1982 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласында 1979 жылы туған ер адам, Алматы қаласында 1969 және 1960 жылы дүниеге келген ер адамдар дүниеден өтті. Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді.
Қазақстан бойынша барлығы 97 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 21, Алматы қаласы – 15, Шымкент қаласы – 12, Ақмола облысы – 6, Ақтөбе облысы – 1, Атырау облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қарағанды облысы – 9, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 13, Түркістан облысы – 5.